Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды
2017 ж. 03 мамыр
2749
0
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі қарышты мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда,
2017 жылғы 17 сәуір
№ 462
Осы Жарлық бойынша аталған комиссия мүшелері мына құрамда бекітілді:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы
ЖАҚСЫБЕКОВ Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
ТӘЖИН Марат Мұханбетқазыұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
АЛДАБЕРГЕНОВ Нұрлан Шәдібекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары
БАЛАЕВА Аида Ғалымқызы - Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Комиссия мүшелері:
АБАЕВ Дәурен Әскербекұлы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі
АҚСАҚАЛОВ Құмар Іргебайұлы - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
АХМЕТОВ Даниал Кенжетайұлы - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы - Мемлекет тарихы институтының директоры (келісім бойынша)
ӘБДІРАХМАНОВ Қайрат Құдайбергенұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі
ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы
БАБАҚҰМАРОВ Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары
БАЙБЕК Бауыржан Қыдырғалиұлы - Алматы қаласының әкімі
БАҚАУОВ Болат Жұмабекұлы - Павлодар облысының әкімі
БАТАЛОВ Амандық Ғаббасұлы - Алматы облысының әкімі
БАШМАКОВ Анатолий Афанасьевич - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
БЕКЕТАЕВ Марат Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрі
БЕКТАЕВ Али Абдикаримович - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
БОЖКО Владимир Карпович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
ВИШНЯК Сергей Викторович - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (келісім бойынша)
ЕРМЕКБАЕВ Нұрлан Байұзақұлы - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі
ЕРІМБЕТОВ Нұрлан Кенжебекұлы - «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ҚҚ президенті (келісім бойынша)
ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек - «Жұлдыз» журналының бас редакторы (келісім бойынша)
ЖОЛДАСБЕКОВ Мырзатай Жолдасбекұлы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
ЖҮСІП Нұртөре - «Айқын» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
ИСЕКЕШЕВ Әсет Өрентайұлы - Астана қаласының әкімі
КАЛАШНИКОВА Наталья Павловна - Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы (келісім бойынша)
КАН Георгий Васильевич - Қазақстан корейлер қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша)
КАРИН Ерлан Тынымбайұлы - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
КАСАНОВ Зиятдин Исмиханұлы - «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
КӘЛЕТАЕВ Дархан Аманұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
КЕНЖЕХАНҰЛЫ Рауан - «Wikibilim» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
КӨКІРЕКБАЕВ Кәрім Насбекұлы - Жамбыл облысының әкімі
КӨЛГІНОВ Алтай Сейдірұлы - Батыс Қазақстан облысының әкімі
КӨШЕРБАЕВ Қырымбек Елеуұлы - Қызылорда облысының әкімі
ҚАЖЫБЕК Ерден Задаұлы - А.Байтұрсынов атындағы Тілтану институтының директоры (келісім бойынша)
ҚАЛИЖАНОВ Уәлихан Қалижанұлы - Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша)
ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы - Қарағанды облысының әкімі
ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мұхтар Абрарұлы - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
МАНКЕЕВ Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
МҰХАМБЕТОВ Архимед Бегежанұлы - Қостанай облысының әкімі
МҰХАМЕДИҰЛЫ Арыстанбек - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі
МҰТАНОВ Ғалымқайыр Мұтанұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)
МЫҢБАЙ Дархан Қамзебекұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
МЫРЗАЛИН Мәлік Кеңесбайұлы - Ақмола облысының әкімі
МЫРЗАХМЕТОВ Абылай Исабекұлы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
НОҒАЕВ Нұрлан Асқарұлы - Қазақстан Республикасы Атырау облысының әкімі
ОРАЗАЛИН Нұрлан Мырқасымұлы - «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ төрағасы (келісім бойынша)
ОРАЗАЛИН Оңдасын Сейілұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
ПУЛАТОВ Шерзод Аббозұлы - Астана қаласы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
САҒАДИЕВ Ерлан Кенжеғалиұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
САПАРБАЕВ Бердібек Машбекұлы - Ақтөбе облысының әкімі
СЕЛИВЕРСТОВ Сергей Васильевич - Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары (келісім бойынша)
СҰЛТАНОВ Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
СЫДЫҚОВ Ерлан Батташұлы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)
ТАРАКОВ Александр Юрьевич - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
ТОҒЖАНОВ Ералы Лұқпанұлы - Маңғыстау облысының әкімі
ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
ҮКІБАЙ Айдос Ыдырысұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы
ШӘУКЕНОВА Зарема Кәукенқызы - Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)
ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы - «Қазақстан Республикасы ардагерлері ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)