Астанада жантүршігерлік жол апаты болды: Жаяу жүргіншінің басы жұлынып кетті
2017 ж. 29 сәуір
4965
1
Астанада жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты Астанада 29 сәуірде Қорғалжын тасжолында 00.30-да болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai шоссе бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде ер адам жолға жүгіріп шыққан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, ер адамды қағып кеткен.
Осыдан кейін, жаяу жүргіншіні тағы бір автомобиль (LADA) қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншінің басы жұлынып кеткен.