Алматы облысында өзен суы тасып, 150-ден астам үйді су басты (ВИДЕО)
2017 ж. 28 сәуір
2078
0
Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы аңғарынан асып, саяжай үйлерін су басты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.
Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген. Қарасай ауданын, Райымбек ауылын, "Ақсай-19", "Торпеда", "Труд" саяжай қоныстарын су басқан.
Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр. "Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", - деді Жұртбаев.
Сонымен қатар, редакцияға келіп түскен мәліметтер бойынша, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағында бірнеше үйді су басқан.