БЖЗҚ төрағасының экс-орынбасары қамауға алынғаны белгілі болды
2017 ж. 27 сәуір
1883
2
БЖЗҚ төрағасының экс-орынбасары Дабыр Медетбеков қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
"Алмалы аудандық сотының қаулысымен "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дабыр Медетбековтың қамау мерзімі үш айға, яғни 2017 жылдың 8 мамырына дейін ұзарды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.
Ал осыған дейін Медетбеков ұсталғандардың тізімінде жоқ еді. Сондай-ақ, "БЖЗҚ" АҚ басқармасының экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың, "БЖЗҚ" АҚ Қатерлерді басқару департаментінің Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахтовтың, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы әрі "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағариннің қамау мерзімі тағы бір айға, яғни 28 мамырға дейін ұзарғаны белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу органдары Руслан Ерденаев пен басқаларға мүлікке қатысты көрінеу ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріп отыр.