Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жатақханалардың құрылысын қаржыландыруға дайын

Картинки по запросу тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы хабарлағандай, бірнеше құрылыс компаниясы банкпен ынтымақтастық жасауға және депутат Перуашевтің ұсынысы бойынша шағын көлемді баспана тұрғызуға дайын.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Төрайымы Ләззат Ибрагимова informburo.kz берген сұхбатында банктің мәжілісмен Азат Перуашевтің ұсынысы бойынша ауыл тұрғындарына арналған шағын көлемді баспаналарды қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Бұл хабарламаны оқыған кезде, бұл, ең алдымен, ауылдық жерден келген жастарға арналған баспана құрылысы екенін анық түсіндім. Олар келгенде, тіпті, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіде ақшаларын жинаған күннің өзінде, үш жылдың ішінде небәрі миллион теңгеге жуық қана қаражат жинай алады. Партияның ұсынысы шағын көлемді баспана құрылысын қарастыруға бағытталған еді, яғни, ауданы шағын 17-18 шаршы метр шегіндегі пәтерлер", – деп ол депутаттың ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді.

Банкіге мәжілісмен Азат Перуашевтің жатақханалар жөнінде ұсынысын қолдап, бірнеше құрылыс компаниясы өтініш білдіріп жатыр.

"Бізге, соның ішінде Алматы бойынша да, құрылыс компнияларынан бірнеше ұсыныс келіп түсті. Қазір біз оларды қарастырудамыз. Біздің ойымызша, әр салымшыны жеке қарастырып, оларды топтарға бөлген дұрыс болар еді. Сонымен қатар, бізде тым төмен төлем қабілетіне ие халық санаты да кездеседі, олар айына 20 000-30 000 теңге көлеміндегі аз сомамен жинауға ғана мұршасы бар. Бірақ халықтың бұл санатын да ескерусіз қалдыруға болмайды", – деп хабарлады Ләззат Ибрагимова.

Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бұл бағытта құрылыс компаниялардың ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін атап өтті.