Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің ауыл жастарына арналған асханасы мен әжетханасы жоқ пәтерлер салу туралы ұсынысын кейбір құрылыс компаниялары қолдап отыр. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Перуашевтің ұсынысын қарастыруға дайын
2017 ж. 24 сәуір
2373
5
«Бізде құрылыс компанияларынан бірнеше ұсыныс бар. Алматы қаласы бойынша да. Бұл ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Әрбір салымшыға мән беруіміз керек. Сондай-ақ, оны әрбір топқа бөлуіміз қажет. Елімізде табысы өте төмен тұрғындар бар. Олар ай сайын 20 000 – 30 000 теңге көлемінде қаржы жинайды. Бірақ, бұл тұрғындармен де жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.
Банк мәжілісмен Азат Перуашевтің жатақханаға қатысты ұсынысын қолдаған құрылыс компанияларына хабарласып үлгерген. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, құрылыс компанияларының ұсынысын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қарастыруға дайын.
«Қазіргі таңда менде нақты жоба жоқ», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қалалардағы ауыл жастарына арнап, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек деген бастама көтерген. Бірақ жастарға арналған үйлердің асхана мен әжетханасы ортақ болуы тиіс. Сонда шаршы метрден үнемдеуге болады. Нәтижесінде баспананың құны 40 пайызға дейін арзандайды екен.