Президентті "қанішер" деп атаған тележүргізуші ақыры жұмысынан қуылды
2017 ж. 20 сәуір
3656
0
Атышулы Fox News-тің саяси комментаторы, Ресей президенті Владимир Путинді "қанішер" деп атаған Билл О’Рейли телеарнадан қуылды деп хабарлайды eadaily.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
"Аталған оқиғаға қатысты үлкен шу мен талқылаулардан кейін, Билл О’Рейли Fox News-қа қайта оралмайтын болып келіскен", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында EADaily, Билл О’Рейлидің АҚШ президенті Дональд Трампен сұхбаты кезінде Ресей көшбасышысы Владимир Путинді қанішер деп атап, өз сөзі үшін кешірім сұраудан бас тартқан болатын.
Тележүргізуші өзі жүргізетін бағдарламада көрермендерге Путиннен кешірім сұрауды жоспарламайтынын да айтқан.
"Мен одан кешірімді қалай сұрайтынымды әзірге ойластырып жүрмін, бірақ, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. 2023 жылдары бәлкім іске асатын шығар", - деген еді ол.