Елбасының 70 жылдық мерейтойын өткізуге біз де үлес қосайық!

0
848

Биылғы 2010- жыл Қазақ­стан үшін ерекше жыл. Бұл ерекшелікҚазақстанның ЕҚЫҰға төрағалық етуінде ғана емес. БиылЕлбасымыз Н. Назарбаевтың 70-ке толатын жылы. Мұны естен шығармауға тиіспіз!

Сондықтан да биылғы Қазақстанның қандай бір болмасын саясиқоғамдық, мәдени, тіпті экономикалық ісшараларының өзі осы мерейлі күнмен тікелей байланысты болары анық.

Осы орайда өткен аптада газеттерде президенттің балалық шағы туралы кино түсіріліп жатқаны жайлы жазылды. «Балалық шағымның аспаны» деп аталатын фильмде Елбасының бала кезіндегі образын жасайтын актерлікке лайық бесаспап бала Шымкенттен табылыпты. Ән айтады, өлең оқиды, аттың құлағында ойнайды, үш жасынан каратемен айналысады. Киноны түсіру үшін режиссер Рүстем Әбдірашов бекітіліпті.

Ақ Орданың шенеуніктері сонымен бірге, бұрынғы ТМД және басқа шет елдермен байланысып «менсаған, сенмаған» деген бартерлік әдісті ұсынып: «Сендер Нұрекеңнің туған күніне салмақты жерден атау сыйлайсыңдар, біз сендерге дәл сондай жерден ұсынған атауыңмен қайтарамыз» деп келіссөз жүргізіп жат­қан сыңайлы. Атап айтқанда, осындай келіссөз Мәскеу мэрі Лужковпен болып мәскеуліктер Ресей астанасының метросынан бір стансаның атын Нұрекеңе мерейтойға сыйлап қалуы мүмкін деген әңгіме бар.

Тойшыл халықпыз ғой, «той десе қу бас та домалайды» дегенге салып біз де, яғни қазақ та қарап қалмаспыз. 14 облыс, екі астанамыз бар, жүздеген аудан, қала, ауыл, қыстақ, елдімекендеріміз тағы бар. Әрқайсысынан бір-екі атаудан болғанда, ешкімнен кем түспеспіз.

Мұндай жағдайда бел­сен­ділігімен көзге түсетін, «халықтың тілегін» білді­ретін ақын, жазушыларымыз, ақсақалдарымыз тағы бар. Олардың тізімін, аузына салар сөзін дайындап жатқан Ақ Орданың шенеуніктеріне, ешкім айтақтамай-ақ өзі жүгіретін жандайшаптарға құлаққағыс жасағым келеді: Анау солтүстікті жайлаған Алексеевка мен Демидовкалардың аттарын, оған Петропавл мен Павлодарды қосып түгелімен Нұрекеңнің атына ауыстырайық деп үн көтерсін! Осылай деуге (деп айтқызуға), менің осы ұсынысымды қабылдауға дәттері жетер ме екен?!

Осы орайда көрші түрік­мендердің жаңа күн көсемі Бердімұхамедовтың көп ісі жайлы әркім әр түрлі пікір айтуда. Ол 1998 жылы Ашхабадта Сапармұрат Ния­зовқа салынған, бойы 12 метр, алтындатылған, Күннің қозғалысымен бұрылып тұратын ескерткішті орнынан алып жатыр. 220 миллион доллар қаржы қажет ескерткішті ауыстыру жұ­мысы түрікмен елі үшін қымбатқа түссе де, соған барып жатса керек. Әрине, түрікмендер өз жайын өздері біледі. Біздіңше, олар енді жаңа Күн көсемнің заманын басынан кешетін болар. Бізге ондай «қауіп» әзір төніп тұрған жоқ.

Айтпақшы, өткен аптада Ресейдің құрамындағы Татарстанды 1985 жылдан басқарып келген Минтемир Шаймиевтің орнынан кететіндігі белгілі болды. 73 жасқа келген Шаймиевтің орнын үкімет басшысы Рүстем Минниахметов басады.

Құдайға шүкір, біздің елде мұндай «ауысу», «кету» деген пәле жоқ. Біз – тұрақты елміз. Кеңес заманынан бері келе жатқан тұрақты Елбасымыз, тұрақты жалғыз партиямыз, тұрақты – қазақ емес тіліміз, тұрақты – ресейлік рухани отар­шылықтан құтыла алмай отырған, құл мінезді, құлшылық өмір кешіп жатқан халқымыз тағы бар.

 

Сағат ЖҮСІП

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз