Рахат Әлиев: «Кел! Құжаттарды ал!» дейді, Рысбек Сәрсенбай: «Бармаймын! Алмаймын!» дейді…

0
1148

Ал, Сергей Дуванов болса бұл сөзді «жалған, өтірік!» деп түп-түгел теріске шығарыпты! Әрқашан дұрыс айтатын Дуванов кездесуден бас тартқан Рысбектің өзі дейді. Бұлардың бармайтынын естігенде Рахат қатты қынжылып қалған көрінеді. Дувановқа жалған сөйлеп жанынан безуге ешқандай негіз жоқтығын ескерсек, жоғарыдағы екі қазақ жігітінің бірі өтірікші екені ап-анық болып тұр…
Қалай болғанда да Ал­тынбекті өлтіруге тапсырма сол кездің өзінде Австрия же­рінен берілген, сол себепті Рыс­бек келмеген, құжатты ал­маған жағдайда өзі сот процесіне қозғау салмақ болып қопаңдап, кейбіреуді қорқытып отырған Рахатқа енді шегінер жер қалмайын деп тұр. Ал, оның өтінішін Австрия үкіметі қабылдай ма, қабылдамай ма, бұл жағы тағы белгісіз. Қылмыс Австрия жерінде орын алғанда «базар жоқ» еді, ал мына жағдайда кім біледі, юриспруденцияның, әсіресе халықаралық дипломатияның шариғат секілді тармақ-тармағы өте көп қой, сондықтан да бұл істің қалай шешілері қараңғы тұман. Ең алдымен, Рахат құ­жат­тарын өткізіп, өтінішін жаз­сыншы, қалған әңгіме содан кейін. Қазақша айтқанда «пә­леншенің өлгені қалыпты да, менің жылағаным қалып па»…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз