ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

d0b4d0bed0bad182d180d0b8d0bdd0b0 «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» деген атпен талқылауға ұсынылған жоба елдегі көптеген ұлттан тұратын зиялылардың, ардақты аналардың, «Желтоқсан» т.б. саяси қозғалыстардың, жастардың, жалпы оның мазмұнына көңіл бөліп қараған азаматтардың көпшілігінің наразылығын туғызуда. Ел ішінде осындай наразылық туғызатын бұл не қылған доктрина? Оның осындай наразылық тудыруының себебі неде? Бұл доктрина елді біріктіріп демократиялық жолмен дамыған елдер қатарына қосатын бағыт бола алады ма? Әлде бұл тоталитарлық жүйе кезінен арыла алмай келе жатқан утопиялық қиялдың жалғасы ма?

Президенттің ұсынысымен бұл жоба талқылауға қайтарылды. Осы уақытқа дейін тату-тәтті отырып бірнеше ұрпақ өсірген, бір отбасындай бірігіп, ұйып отырған елді дүрліктіретін доктринаның не қажеті бар? Осы уақытқа дейін доктринасыз осы ел аштан өліп, көштен қалмай жұрт қатарлы өмір сүріп жатқан жоқ па? Елдегі талқылау осы сұрақтарға жауап беріп доктринаның қажеттілігін, немесе қажетсіздігін айқындауы керек.

Біздің мақсат осы жобаны біржақты сынау немесе оны жақтау емес, бұл жерде «Платон сен маған доссың, бірақ ақиқат қымбат» дегені, яғни саралап зерттеудің мақсаты бұл жобаның қажеттілігін анықтау болып табылады.

Қазақстандағы тұрақтылықтың негізіол қазақтың қонақжай, бауырмал, кең пейілділігі мен ұлтаралық қатынаста толеранттылығы. 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанда қазақтың үлесі 97%-дан өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қазақтың жартысынан астамы жасанды аштықтан қырылғаннан кейін оның елдегі үлесі 25 %-ға дейін төмендеді. Сол кезде Кавказ, Еділ бойы, Қиыр Шығыстағы халықтарды зорлықпен Қазақстанға департациялап, одан кейін тың көтеру кезінде бір миллионнан астам адамды көшіріп әкелді. Бұл Қазақстанды «халықтар достығының лабораториясына» айналдырған тоталитарлық жүйенің осы лабораторияда жүргізген тәжірибелерінің нәтижесі. Оны жүргізген Сталин, Голощекин, Мирзоян сияқты биліктегілер. Оған қазақтар да, қазақстанға көшіп келгендер де кінәлі емес. Департациямен немесе өз еріктерімен келгендердің ешқайсысын қазақ жатсынбай баурына басты. Бұл саяси ұран емес, ол осы елде тұрып жатқандардың ортақ тағдырлары. Өткен ғасырда және тәуелсіздік кезінде қазақтар мен осы елдегі диаспоралар арасында ұлттық немесе нәсілдік негізде қақтығыстар болды дегенді естіген жоқпыз. Бүгінгі Қазақстан уақыт сынынан өткен әртүрлі діндерді уағыздайтын, бірнеше ұлттардың өкілдерінің тату-тәтті тұратын атамекеніне айналды. Сондықтан да болар, басқа ұлттардың өкілдері Қазақстанды өз отаны санайды. Санап қана қоймайды, оны өз отаным дейді. Ал, тарихи отанын немесе тұрмысқа ыңғайлы жер іздеген 1,5-1,7 млн.-дай адам тоқсаныншы жылдардағы қиындық кезінде елден кеткені белгілі. Енді елде қалғандарол қай жағынан да тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматтары.

Ассамблеяның соңғы жиналысында қаралып, талқылауға қайтарылған доктринаның жобасы енді бүгінгі ел ішіндегі мәселеге айналып, тыныш жатқан ұлтаралық қатынастарды күрделендіріп жіберді. Яғни аяқ астынан сау басқа садаға тілеп алғандай болдық. Жалпы ұлтаралық қатынастарды саясаттандырудың қандай қажеттілігі бар еді? Бұл жерде бір көңілге қонатын нәрсе ол Президенттің осы жобаны талқылау керек деп қайтарғаны. Яғни оның пісіп жетілмей бір қайнауы ішінде екені белгілі. Бұл доктринаның қабылдану-қабылданбауы, немесе оның осы қоғамға жалпы қажеттілігін талқылау анықтайды. Сондықтан оның қазіргі нұсқасы міндетті түрде керек деген сөз емес. Ол қоғамда байыппен талқыланып, құжат ретінде қажеттілігі немесе қажетсіздігі анықталуы керек.

Әртүрлі ұлттардың зиялы ақсақалдары мен ардақты аналар бастаған қауымның доктринаның осы жобасына наразылығы да жай жерден шығып отырған жоқ. Олар доктрина осы мазмұнда қабылданса, ол «мың өліп, мың тірілген» қазақты мың бірінші өлтіру, немесе қазақты халық ретінде мойындамау және оның болашағына балта шабу деп түсінуде. Ол осы уақытқа дейін қоз­ғалмаған ел ардақтыларының аштық жариялаймыз дегеніне негіз болды. Бұл жерде бізді қуантатыныол «жыртық үйдің де иесінің», ұлттың иммунитетінің бар екені және осындай зиялылары бар қазақтың болашағы зор ұлт, бақытты ел бола алатынын көрсетеді. Осы уақытқа дейін «қазақта зиялы қауым бар ма? Болса олар неге үндемейді?...» дегендер енді зиялылардың кімдер екенін көрсін.

Зиялылармен бірге аналардың, оның ішінде Талғар ауданындағы аналардың осындай белсенділік танытуы адамды толғандырмай қоймайды. Мәселе олардың тап осы нұсқаға қарсылығында емес, олардың қоғамда болып жатқан істерге немқұрайлық танытпай, барлығына бас шұлғи бермей, өз ойларын айтып белсенді араласуында. Қасиетті «Құран Кәрімде», «бақыт ананың табанында» дегенде осындай аналар туралы айтылса керек.

Бірақ, әрине аштық жариялау ол осындай күрделі мәселені шешудің жалғыз жолы емес. Ол, сөздің қадірі кетіп, істің берекесі қашып, жарылып бара жатқан жармақ қоғамдағы қайшылықты шешуде елдің намысын қамшылайтын амалсыз шара.

Жалпы доктрина деген не? Доктрина, меморандум, хартия, аз этностардың құқықтарын қорғайтын ұсыныстар (рекомендации) сияқты құжаттар әртүрлі халықаралық ұйымдар аз этностардың білім алу, тілін дамыту, қоғамдық-саяси өмірге араласу, адам құқығын қорғау т.б. құқықтарын сақтау мақсатында кеңінен қолданатын құжаттың бір түрі. Яғни ол халықаралық деңгейде кеңінен қолданылатын құжат. Ал ел ішіндегі мемлекет құру мен басқарудың негізі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік тіл, дін мәселесі т.б. қоғамдағы маңызды мәселелер сол елдің Конституциясы, Азаматтық кодекс сияқты негізгі заңдар және заңнамалық актілер арқылы реттеледі. Жалпы бұл заңдар мемлекеттің тұрақтылығы мен толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ететін маңызды құжаттары. Доктри­наның жобасында, «Қазақстан Республикасының Конституциясы ел азаматтарының ұлтына, нәсіліне, дініне және басқа айыр­машылықтарына қарамай бар­лығының құқығын бірдей қор­ғауға кепілдік береді» деген бабы келтіріпті. Ұлтаралық мәселелерді реттеуде одан артық не жазуға болады? Жалпы елдегі заңдардың жетпей жатқан жақтары болса, онда оларға толықтырулар енгізу қажет. Мысалы, АҚШ құрылғалы Конституция бір рет қабылданып, оған 270 жылда небәрі 26 бабына ғана қосымша енгізілген екен. Сондықтан Қазақстандағы билік тармақтарының ел ішіндегі мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың міндеттерін атқаруы шарт емес, ол барлық істерін, оның ішінде ұлтаралық қатынастарды да осы заңдар аясында шешеді. Ол әлемде қалыптасқан норма. Сонымен қатар мемлекеттің негізін қалайтын түпкілікті заңдардың функциясын басқа құжаттарға жүктеуол негізгі заңдардың принциптерін жойып, мемлекет институттары мен атқарушы органдардың бе­де­лін түсіреді, олардың жұмысын әл­сіретеді. Бұл, осыдан үш ғасыр бұрынғы Ш.Монтескьенің «билікті бөлу принципінде» қабылданған негізгі қағида. Оны бұзып, жаңа бірдеңе ойлап табу дегенол ел билігіндегі институттардың функцияларын түпкілікті өзгерту болып табылады. Ондай өзгерту кімге және неге керек?

Жалпы елдегі ұлтаралық қаты­нас­тарды саясаттандыру түбінде қо­ғамдағы тұрақсыздыққа әкеліп жүрмей ме? Осы жағын да ойланған дұрыс.

ҚХА әрине қоғамдық ұйым ретінде ел ішінде белгілі орны бар, аз ұлт өкілдерінің мүддесін қорғайтын институт ретінде қоғамда дұрыс қабылданды. Бірақ, бір топ Ассамблея мүшелері депутаттыққа сайланғаннан кейін үй ішінен үй тігіліп, заң шығаратын негізгі орган - парламент, енді тек заң шығаратын ғана емес, жартылай саяси, жартылай қоғамдық ұйымға айналып кеткен сияқты. Егер олай болса, онда үш кеменің құйрығына жабысқан парламенттің шығарған заңдары мемлекеттің емес, әртүрлі саяси топтардың мүдделерін қорғайтын корпоративтік құжат болмайды ма?

Бір қарағанда жалтыраған жылы-жұмсақ болып көрінетін осы жобаның мазмұнымен нақтырақ танысқаннан кейін оның бір жағынан оның дамыған социализмнің кезіндегі бағдарламалардан көп айырмашылығын көре алмасақ, екінші жағынан қоғамда осындай наразылық тудырған құжаттың елді біріктіре алмайтынына көзіміз жетті, және келесі стратегиялық тұрғыдан елді жолсыз-жөнсізбен адастыратын құжат емес пе деп қалдық.

Сөзіміз құр эмоция болмас үшін осы жобаға шолу жасап көрейік.

 -... республика бойынша 60-тан аса қазақ тілін оқитын орталықтар жұмыс істейді, депті. Осы 60 ор­талықтың әрқайсысында орташа 2 айда 100-200 адам тіл үйренетін болса, онда жылына бір орталықта 600-1200 адам, 60 орталықта 3600-7200 адам мемлекеттік тілді үйренетіні белгілі. Ал, бізде әртүрлі деңгейде 8 млн.-ға жуық адамға мемлекеттік тілді үйрету міндеті тұр. Яғни осы қарқынмен ел тұрғындары мемлекеттік тілді үйренуі үшін 1455 жыл керек екен, немесе ол 3464 жылы орындалады. Бұл әрине мемлекеттік тілге яғни мемлекеттік мүддеге қамқорлық емесол бос әурешілік, тасбақа тірлік.

- ...студенттердің 48%-ы қа­зақ тілінде білім алуда. Бұған мақ­танасың ба қорланасың ба? Бі­реулер оны шынымен тәуелсіздік ке­зіндегі жетістік деп қарайтын сияқты. Ал шындығында біз бо­лашақ зиялылардың орнына жартылай мәңгүрт қиялилар дайын­дап жатқан жоқпыз ба? Сол оқу орындары ректорларының 99%-ы, ұстаз-профессорлардың 90%-ы қа­зақтар емес пе? Біздің ЖОО-да­ры­мыздың ешқайсысы әлем­дегі ал­ғашқы мыңдыққа, Азия­дағы жүз­дікке кірмейді, яғни халық­ара­лық стандарттарға сай емес. Сон­дықтан мемлекеттік тілді мең­гер­мей біздің мектептер мен ЖОО бітіріп шыққандар Жапония не Гер­маниядағы сияқты елдің тілі мен дәстүріне, діліне (менталитеті) негіз­делген өндірісті жаңаша бас­қа­рып, жоғары технологияға негіз­делген экономиканы дамыта алмайды.

- ... 18 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 1991 жылғы 671-ден, 2009 жылы 4200-ге жетті. Қазір Қазақстанда әлемдегі дәстүрлі, дәстүрлі емес діндер, конфессиялар мен секталардың барлығына жуығы ресми тіркелген. Оның ішінде АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының тізіміндегі ең қауіпті 10 секта да түгелдей бар. Талай семьяны ажыратып, тыныш жатқан елдің шырқын бұзған осыншама қаптаған секталардың негізгі мақсаттары - ол ел тұрақтылығын жаруды күтіп жатқан детонатор сияқты. Бұл елге екі жерден қауіп төніп тұрса, соның біреуі осы қаптаған секталар. Ал жалғыз қауіп болса, ол соның өзі емес пе?

Ұсынылған жобаны осылай әрмен қарай саралай беруге болады. Жалпы қарағанда декларативті формада жазылған бұл доктрина алдымен елді біріктіріп, ағайын арасын ашпайтын, шама келсе құрылып жатқан мемлекеттің мәңгі баяндылығын қамтамасыз ететін бағдарлама бола алады ма? Оны талқылауға шығарғандағы мақсат та осы болса керек.

Жоба талқыланғаннан кейін қабылданған жағдайда 2010-2020 жылдардағы ел дамуы стратегиясының негізі болып кіруі керек екен. Себебі, осы уақытқа дейін қазынадан ондаған млрд доллар қаржы шығындалған әр салалардағы импортты алмастыру, 10 кластерлік және 30 көшбасшы бағдарлама, салық кодекстері, әлеуметтік және ауылды көтеру, банктерді құтқару т.б. жобалар өз міндеттерін толығымен атқарған жоқ. Керісінше, біздің экономика жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияны енгізіп өндірісті дамытатын емес, бюджеттен бөлінген қаржы құмға сіңген судай із-түзсіз кететін түпсіз шелекке айналса, елдің сыртқы қарызы жыл сайын өсіп енді тәуелсіздіктің өзіне қауіп төндіруде. Оны Қытайдың соңғы 5-6 жылда елдегі негізгі мұнай кендерін иемденіп, Қазақстан мұнайының 35-37%-ын (отандық компаниялар елдегі мұнайдың небәрі 15%-ын өндіреді) шығаруға қол жеткізгенінен көреміз. Сонымен қатар, ол түрлі-түсті металл кен орындарын иемденіп, елдегі жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, құрылыс материалдарын шығару т.б. салаларды дамытуға тікелей кері әсер ету арқылы экономикалық тәуелді қылуы түбінде саяси тәуелділікке айналатыны бесенеден белгілі. Қазақстан да Қытайдың айналасындағы басқа көршілері сияқты оның провинциясына айналып барады. Билік пен құзырлы органдар түйені түгімен сатып жатқан иесіз елдің болашағын кім ойлайды? Әлде, Тәңір бұл елдің ұлдарын құл, қыздарын күң болуға жаратқан ба? Сондықтан бізге қоғамның барлық салаларын қамтып оны түпкілікті модернизациялап дамытатын стратегиялық бағдарлама қажет. Ол бағдарламаның мақсаты - даму деңгейі АҚШ-тан әлдеқайда жоғары тұрған іргесіндегі Канада сияқты Қазақстанды көршілерінен оқ бойы озық ел қатарына қосу болуы қажет.

Ал, доктринаның осы нұсқасы стратегиялық тұрғыдан өз міндетін атқарып қоғам дамуын қамтамасыз етеді деп айту қиын. Бұл нұсқа бойынша қоғам Кеңес одағы кезіндегі қазақ тілі екінші сортты, Ресейге еліктеу деңгейінен аса алмайды. Яғни тілі мен ділі арқылы рухы көтерілмеген, 2020 жылы елдегі халықтың 80 пайызына жуықтайтын қазақтың бір бөлігі базарда қытай мен орыстың тауарын сатса, екінші бөлігі сол тауарды арбамен сүйреуден әріге бармайтын маргинал қоғам түрінде қалмақ. Сонда бұл елдің болашағы қандай болмақ? Жалпы өзінің сара жолын тауып дамымай, дамыған елдерге еліктеу - қоғам дамуы стратегиясындағы негізгі кемшілік, қауіпті құбылыс. Себебі, әрбір ұлт басқа ұлттан тілі мен өнері, дүниетанымы, мінез-құлқы, салт-дәстүрі өзгеше болуымен ерекшеленеді. Сондықтан, заңдары мен даму стратегиясы өз ерекшеліктеріне негізделген қоғам жан-жақты дамиды. Егер ол өзіндік ұлттық болмысына негізделмесе, ондай қоғам өзі еліктеген қоғамның көлеңкесі болып, дами алмай қалады. Оған көрші Ресейдің соңғы 300 жылдық және Түркияның соңғы бір ғасырлық тарихы дәлел. XVIII ғасырдағыЕуропаға терезеашуға негізделген I Петрдің реформасы батыстағы барлық жетістіктерді Ресейге енгізуді дәстүрге, соңынан оның дүниетанымына айналды. Вестернизацияланған Ресей ескі православиелік дәстүрден түгелдей айырылған батыс бағытындағы үкімет құрды. Татищевтің I Петрге айтқан, “…сен мықты мемлекет құрдың. Бірақ ол ешқашан да бай болмайды. Себебі, төменнен бастап ең жоғарыға дейін барлығы ұрлайдыдегенінен сол кезде қоғамды жайлаған сыбайлас жемқорлықтың жойылмайтын дертке айналғанын көреміз. Табиғи қоры әлемде ең бай бүгінгі Ресейдің Жалпы Ішкі Өнімінің көлемі, шағын ғана Норвегиямен бірдей. Батысқа еліктеген Ресей соңғы үш ғасырда еуропалық бола алмады. Себебі, оның реформасы, А.С.Пушкиннің, «Ана тіліне сеніңдер. Барлық қуат пен құдіретсонда» деген қағидасынан аулақ еді.

Еуропаға еліктеп реформа жасағанның келесі ел Түркияда өткен ғасырдың 20-шы жылдары басталған Ататүріктің ұлы реформасы 1953 жылы мұсылман мемлекетін түгелдей еуропалық бағытқа түскен қоғамға айналдырды. Бірақ, қоғам батыс жүйесіне ауысқанымен түріктердің дамуы Еуропа деңгейіне көтеріле алған жоқ, болашақта да ол деңгейге жетуі екіталай. Себебі, олар да өздері еліктеген Еуропаның жүріп өткен жолына ондағанжүздеген жылдардан кейін қайталап, оның көлеңкесінде қалуда. Бүгінде Еуроодаққа мүше болуға талпынған Түркияның, оған кіре алмауының негізгі бір себебі - түріктер еуроодақтағылардан орташа тоғыз есе кедей.

Ресей мен Түркияның реформаларына тән ортақ бірінші кемшілік – олар жергілікті халықтың мәдениетін (тілін, дәстүрін, өнерін, менталитетін) негізге алмай өркениетті елдердің мәдениетін трансформациялау арқылы қоғамды дамытамыз деп түсінді. Реформа жасайтын қоғамның ішкі даму заңдарын толық түсінбей өзгертудің пайдасынан зияны көп. Екінші кемшілік – осы реформаторлар өз ұлттарының зиялыларына сүйенбеді және олар негізінен қуғын-сүргін мен сергелдеңде болды. Өзі тар жол, тайғақ кешуде жүрген зиялылар ұлттың қамын ойлап, оның рухын көтеріп жарыта алмайды. Зиялылардың ұлт тағдырындағы рөлін француз ойшылы Сен-Симонның: “...егер бір уақытта француздың елу ғалымын, елу фабрикантын, елу агрономын және елу әртісін жойып жіберсе, онда француз ұлты болмайды. Ал, сондай уақытта француздың елу мың жұмысшысын, елу мың шаруасын және елу мың қызметкерлерін жойып жіберсе, онда француз ұлты қалады” дегенінен көреміз. Халықты өркениетті ұлт қылатын тобыр емес, зиялы қауым. “Дүние жүзінде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтік халық бұқарасының бірлігі ешқашан болған емес... Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни оны жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып, өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру сынды негізгі мақсатқа жету үшін ұлттық зиялы қауым мен бұқара халық арасында бір ортақ сана болуы тиіс. Міне, осы сананы айқындау, яғни халық тілегін дұрыс және анық бір формаға келтіру, аталған мақсатқа жету үшін іс пен әрекет бағдарламасын жасау зиялылардың міндеті” дейді Мұстафа Шоқай.

 Осы реформалардың үшінші кемшілігі - ол сыбайлас жемқорлықты тоқтата алмады. Себебі, ұлттық ғимараттың іргетасы - адамгершілік, мораль, өнегелілік сияқты адам бойындағы ізгі қасиеттер ұлттың тілі, дәстүрі, өнері т.б. арқылы беріліп, қоғамды азып-тозудан сақтайды. Оның қалыптасуындағы ең маңызды нәрсе – нәсіл тазалығы. Басқаларға еліктеген қоғам өзінің көптеген жақсы қасиеттерінен айырылып, көбіне өзі еліктеген қоғамның теріс жақтарын қабылдайды. Ресей мен Түркияның реформасы оларды Жапония, Финляндия, Канада сияқты елдердің қатарына қоса алмағанының бір себебі осында. Сондықтан ол реформалар ХХІ ғасырдағы Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан үлгі бола алмайды. Сонда біз стратегияда қай жолды таңдаймыз?

Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан дамуында шығыс Еуропа елдерінің, оның ішінде Түркия мен Ресейдің деңгейіне жетті. Бұл жетістік. Енді бізге оларға еліктеу міндет емес. Қазақстанның өтпелі кездегі стратегиясы «Азия жолбарыстары» үлгісімен, ал олардікі жапон үлгісімен жасалған. Бұл елдердегі білім мен ғылымның деңгейі дамушы елдердің қатарында. Егер біз қоғамда адам капиталы дамыған зерделі (интеллектаульды) ұлт боламыз десек, онда осы қоғамдағы мемлекет құрушы қазақ ұлтымен бірге елдегі барлық ұлттардың өкілдерін қазақ тілінің негізінде біріктіріп, қоғамды түпкілікті модернизациялау арқылы дамытатын реформаны іске асыру қажет. Бұл оңай жол емес, бірақ мақсатқа апаратын бірден-бір сара жол осы. Себебі, қоғамның барлық салаларының (мораль, өнер, тіл, дін, экономика, әлеуметтік сала т.б.) ішіндегі негізгі фактор және біріктіретін күш – ол тіл. Ол АҚШ-та ағылшын тілі, Жапонияда жапон тілі, Қазақстанда қазақ тілі... Тек осындай реформа ғана тәуелсіздік пен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Геосаяси жағдайы күрделі Қазақстан үшін бұл бірден-бір дұрыс бағыт, оның сара жолы. Соңғы бірнеше ғасырда әлемдегі реформалардың ішінде жапондардың үлгісі осы талаптарға сай келеді.

Реформаны түріктермен қатар бастаған, географиялық орналасуы, рухы, дәстүрі және дүниетанымы жағынан Батыстан әлдеқайда алыс тұрған Жапония ешкімге еліктеп өркениетті елдер мәдениетін трансформацияламай, өзінің ана тілі мен ұлттық дәстүрінің негізінде аз уақыт ішінде әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірегейі болып, Батыс Еуропаның өзіне үлгі болатын жағдайға жетті. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған “жапонияның таңғажайыбы” осы халықтың өзіне ғана тән қайталанбас құбылыс болды. Ол шығыс кәсіпорынын ұжымдық еңбекке сүйеніп дамыту ұстанымына негізделген “Z-теориясы”, ана тілі мен өз менталитетіне сүйеніп, ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар қысқа уақыт ішінде экономикасы шығарған жалпы өнімнің мөлшері жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші, әр адамға шаққандағы еңбек өнімі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Жапон экономикасының тірегі автомобиль өнеркәсібі, электроника және жаңа технология. Бұл салаларда дүниежүзі бойынша өнімнің 30-33 пайызы осы елде шығарылған. Жапон экономикасын дамытушы негізгі күш оның ана тілі. Жапония бүгінгі таңда өз тілін қоғамның барлық саласына енгізу арқылы ғылым мен техникада, оның ішінде жаратылыстану ғылымдарында, электроникада, биотехнологияда және т.б. ағылшындар сияқты тамаша табыстарға жеткен, әлеуметтік саладағы жетістіктері (жапондықтар дүниежүзінде ең ұзақ өмір сүреді) барлық елге үлгі болатын ерекше қоғам. Кезінде жапон ғалымдары латын алфавитіне көшу мәселесін 11 жыл зерттеп, бөтен алфавиттің ұлт психикасына теріс әсер ететінін түсініп және бұрынғы мұралардан айырылмас үшін өз алфавитінде қалды. Енді бұл ел жалпылай жоғары білімге көшуде.

Біз осы жолмен жүретін болсақ, онда бізге бұл доктрина емес, мүлдем басқа құжат – Қазақ елінің стратегиялық бағдарламасы қажет болады. Оның саяси тұрғыдан дұрыстығын Рим Папасы Иоан-Павел II-нің “Этникалық, мәдени және діни ұғымдары әртүрлі осы ұлы ел - Қазақстан мен оның тұрғындарының әділеттілік, бірлік және бейбітшілікте дамуын Құдайдан сұраймын.

Қазақ халқы! Елдің жасампаздық пен нағыз прогресс жолында дамуының құнды міндеті саған жүктелген”, - дегенінен көреміз. Қазаққа жүктелген бұл міндетті іске асыруға барлық қазақстандық түсіністікпен бір кісідей атсалысуы керек. Себебі, қазақ мемлекетінің өркениетті ел болуы – осы елді отаным деген барлық азаматтың арманы.

Доктринаның жобасын талқылау түбінде қоғамдағы барлық күштерді ширатып, олардың қуат-жігерлері елдің дамуын бір арнаға салатын асқақ рух пен парасатты ақыл-ойға айналмақ.

Қазір елге керегі алдымен тыныштық, содан кейін осы дағдарыстан аман-есен шығу. Көнеден келе жатқан «Халықтың қалауы – құдайдың ойындағысы» деген қағида бар. Мезгілі келгенде бұл мәселенің де дұрыс шешімі табылар. Оны біз таппасақ уақыт табады. Біз де мемлекеттің уақыты күндер, жылдар емес, ғасырлар мен дәуірлер... мәңгілік екенін түсініп, соған апаратын ісіміз де сай, яғни Конституция тұрақты, Ана тілі ардақты, Атамекені айбынды елдің стратегиясы да жүйелі және айқын болады. Тәуелсіз елдің тұғыры осылар.

 

Жанұзақ Әкім,

Еуропа ғылым академиясының академигі