Тәнін саудалайтынын ашық айтқан тележүргізуші жұмыстан қуылды (фото)
2017 ж. 12 сәуір
4374
0
Босния және Герцеговинадағы танымал Pink телеарнасының басшылығы тележүргізушіні тәнін саудалағаны үшін жұмыстан қуып жіберді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
"Ойын-сауықтық форматтағы рейтингі жақсы бағдарламаны арна басшылығы жабуға шешім қабылдады", - деп хабарлайды Pink өкілі.
Нуркичтің айтуынша, қарапайым төсек қатынасы үшін ол еркектерден $500 сұрайды, топтық қатынас шамамен $1000 тұрады. Тележүргізушіге келетіндердің көпшілігі бизнесмендер екен. Кездесу ер адамдардың пәтерінде болады.
"Менің клиенттерім шетінен сұлу. Ант етейін, кейбір қыздар мұндай еркектерді тек армандарында ғана көреді. Оның үстіне олар маған қомақты ақша төлейді, қымбат сыйлықтар жасайды", - дейді ол.
Елде жезөкшелікке заң тұрғысынан тыйым салынғаны тележүргізушіні алаңдатар емес. Нуркич, жігітінің саясаткер екенін және ол өзін қамауға ешқашан жол бермейтінін де айтып қалды.