Қостанайда мұғалімге 13 жасар оқушыны азғындады деген айып тағылды
2017 ж. 09 сәуір
3822
0
Қостанайда 52 жастағы бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл туралы "Алау" порталы Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіповке сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамға 13 жастағы оқушы қызды көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасаған деп айып тағылған. Қыз бала қаладағы орта мектептердің бірінде жетінші сыныпта оқиды.
"Сотқа дейінгі тергеу шаралары бойынша оның ісі Педагогтың көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабына ауыстырылған. Айыпталушының әрекеттері кәмелет жасына толмаған қыздың адамгершгілік тұрғысынан дамуына зиян келтірген", - деді ведомствоның өкілі.
Облыстық прокуратураның тергеу қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдары Қостанай облыстық кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген. Айыпталушы қамауға алынды.