Астанада «EXPO-2017 – БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» тақырыбындағы кітап көрмесі өтуде

[caption id="" align="aligncenter" width="680"]Ұлттық академиялық кітапхана. "Экспо-2017 - Болашақтың қуаты" кітап көрмесі. Ұлттық академиялық кітапхана. "Экспо-2017 - Болашақтың қуаты" кітап көрмесі.[/caption]

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне арналған «Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» тақырыбында кітап көрмесі өтуде.

Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау, сол шежіредегі халықаралық «EXPO-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу; елорда қонақтары мен кітапхана оқырмандарын EXPO тарихымен таныстыру.

Кітап экспозициясының ашылуы оқырмандар мен шетелдік қонақтардың Қазақстан, EXPO туралы білімдерін тереңдетуге, қазақстандықтардың елімізде өткізіліп жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятуға септеседі.

«Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» атты көрме төрт бөлімнен тұрады. Дүниежүзілік көрмелер тарихына байланысты ақпараттар «ЭКСПО тарихы» бөлімінде; Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы, мәдениеті, Мемлекеттік құрылыс, Мемлекеттік рәміздері, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктер туралы кiтаптар мен ресурстар «Қазақстан» бөлімінде; әлемге әйгілі қалаға айналған еліміздің елордасы – Астананың халықаралық аренадағы алатын орны, ол жайлы шетелдік мемлекет қайраткерлері мен белгілі саясаткерлердің пікірлері, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ЕХРО-2017 көрмесі жайлы дәйексөздері «Астана ЭКСПО-2017» бөлімінде; «Болашақ энергиясы» жобасының мақсат-міндеттерін толығырақ ашатын ақпараттар мен брошюралар «Болашақтың қуаты» бөлімінде қойылды.

Эскпозиция көлемі жағынан тұрақты, тақырыптық, стационарлы және ол ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралардың басы болып табылады.