ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен министрлер тағайындалды Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Рес­публикасының Қорғаныс министрі; Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Рес­публикасының Байланыс және ақпарат министрі; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Респуб­ликасының Білім және ғылым министрі; Салидат Зекенқызы Қайырбекова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қаржы министрі; Нұрғали Садуақасұлы Әшім Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі; Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі; Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі; Владимир Карпович Божко Қазақстан Респуб­ликасының Төтенше жағдайлар министрі қызметтеріне тағайындалды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет бас­шысының Жарлықтарымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі; Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Талғат Амангелдіұлы Ермегияев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі; Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі; Қалмұханбет Нұрмұханұлы Қасымов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметтеріне тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Б.Камалиев ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды Мемлекет басшысы тағы да «Қ.Б.Саудабаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы етіп тағайындау туралы» Жарлыққа да қол қойды Елбасы Жарлықтарымен әкімдер тағайындалды Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі; Сергей Александрович Дьяченко Ақмола облысының әкімі; Серік Нығметұлы Ахметов Қарағанды облысының әкімі; Сергей Витальевич Кулагин Қостанай облысының әкімі; Болатбек Баянұлы Қуандықов Қызылорда облысының әкімі; Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтеріне тағайындалды.