ШҰҒЫЛ! Депутат екі адамның өмірін жалмаған жол апатына себепкер болды
2017 ж. 31 наурыз
3317
2
Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты, "Болашақ-Т" құрылыс компаниясының директоры Қайдар Кощанов екі адамның өмірін жалмаған жол апатына себепкер болды деп хабарлайды BNews.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жол апатының салдарынан "Лада" жүргізушісі мен жолаушыны жедел жәрдем көлігімен облыстық клиникалық ауруханаға алып кеткен. Ал, Audi B4 көлігінің жұргізушісі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтып кетеді.
«22 жастағы ер адам ауыр ми жарақатынан реанимация бөлімінде есін жимастан жан тапсырды. 63 жастағы әйелдің көп жері сынып, ішкі мүшелері езіліп кеткен. Ол ота жасау бөлмесінде қайтыс болды», - дейді облыстық клиникалық аурухананың хирургия бөлімі директорының орынбасары Құттымұрат Жақсығалиев.
Қазіргі аталмыш іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.