Алатау батыр

Ордалы Оңтүстіктегі қызырлы Қызылқұмның төрқаласы, шежірелі Шардарада елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен батырларымыздың бірегейі, бар қазаққа бас қолбасшы болған Алатау батырға ас беріліп, ұлы тұлғамыздың ұлықталғаны былтыр еді. Енді міне, 23 сәуір күні Алатау батыр атындағы ауылда баһадүрдің еңселі ескерткіші ашылмақ. Алатау батыр2 Атыңа сай Алатаудай алыпсың, Затыңа сай Қаратаудай тарихсың! Бар қазаққа бас қолбасшы атанып, Алатаудай атақты елден алыпсың. Ұран салсам –шамырқанар шабыт шын!.. Тәуекел хан таңдаулысы – Сен едің, Есім ханға қуат берген Ер едің! Салқам Жәңгір салған алға Еренін. Сан қаланы бағындырды беделің, Самарқанды Жалаңтөске әперіп, Көрсеттің ғой хас батырдың көмегін! Кенен ойлап, кең толғаған кемелім? Жиембеттей жырау сені жыр еткен, Біртуарым, білікті һәм білекті ең... Ұлтыңды сен сүйдің ұлы жүрекпен. Батаңды алған батырларың аз емес – Қарасайды өзің едің түлеткен. Бас батырға айналдың сен, бақ беріп, Жекпе-жекте талай жауың жатты өліп... Қызылбастың қолбасшысы Шарахты, Қызыл қанға бояп кеттің қақ бөліп!.. Көктің ұлы – көк тіреген баһадүр, Алпамыстай айбыны зор аталы ұл! Қоңыраулы күміс күйме мінетін, Қоңыраттың Ұранына бата қыл! Алатаулап жауға шапса ерлерім, Аспан асты жаңғырғанын көрді елім. Байтақ жерді қорғап қалған батырдың Бағалайтын күн бола ма, еңбегін?!. Естілгенде тұлпарыңның дүбірі, Естілмей де қалған жаудың сыбыры, Шырқыраған кеуделерде шыбыны. Ат үстінде өткен бүкіл ғұмыры, Ер қазақтың бола білдің шын ұлы! Атына сай - ұран болған батырдың, Алатаудай асқақтасын тұғыры!.. Қазыбек Иса