Астанада тұрғын үй кешені құлады (ФОТО)

Астанада салынып жатқан "Қамал" тұрғын үй кешені құлады. Зардап шеккендер жоқ, жабын құлаған кезде нысанда ешкім болмаған деп хабарлайды BAQ.kz.

Астанада аяқталмаған тұрғын үй кешені құладыБұл туралы әлеуметтік желідегі vastane.kz аккаунты мәлімдеді.

Астанада салынып жатқан "Қамал" тұрғын үй кешенінде бетон жабыны құлаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

"Зардап шеккендер жоқ. Бар болғаны 100 текше бетон паркинг аумағына құлады", — делінген әлеуметтік желідегі хабарламада. Төтенше жағдай кезінде құрылысы бітпеген ғимаратта ешкім болмаған.

Ғимарат Елордадағы Хусейн бен Талал даңғылы бойында орналасқан.