Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы ҚХА 25-ші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
2017 ж. 24 наурыз
2088
1
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 наурыз № 154