Ақтөбе облысында тергеуші сотталушының әйелін төсек қатынасына мәжбүрлеген
2017 ж. 13 наурыз
7141
10
Есірткі бизнесімен күрес басқармасының 30 жастағы тергеушісі Сұлтан Сырлыбайұлы қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін сотта жауапқа тартылуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сандыбаева офицердің оны төсек қатынасына мәжбүрлегенін жайып салды. Әйел кәсіби массаж жасаушы ретінде жұмыс істейді. Екі жоғары білімі бар. Ол Сырлыбайұлының күн-түн демей массаж жасауды желеу етіп, үйіне шақыртумен болғанын айтуда.
"Бұл адаммен төсек қатынасына түсуге мәжбүр болдым. Ол өз дегеніне жетті. Мен айқайлап, тырнағымды батырған емеспін. Қасқыр болсам, оны қырып тастар едім. Алайда мен бәрін заң басқаратын адамдар әлеміненмін. Ал ол - билік өкілі. Осындай адамдар қалағанын жасайтыны қорқынышты. Оларға бәрі рұқсат етілген", - деп күйінді әйел.
Ал полицейдің тарапынан куәлік етушілер Сандыбаева күйеуін жеті жылға түрмеге жауып тастағаны үшін өш алуда дегенді алға тартты.