Майлыбаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды
2017 ж. 10 наурыз
1901
1
Астана қаласы Есіл аудандық №2 соты президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш 7 наурыз күні қаралды", — дейді баспасөз қызметі.
Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Николай Галихинді де қамауға алу мерзімі 12 мамырға дейін ұзартылды.
Майлыбаев пен Галихин 2017 жылы 2 қаңтарда 185-баптың бірінші және үшінші бөліктерінде қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен қамауға алынған болатын.