Соры қайнаған құдашам

2
2322

Құдашам ауылында мектепте жақсы оқыды. Құда мен құдағи «осыдан бірдеңе шығады» деп болашағынан үлкен үмітпен қарайтын. Сонымен уақыт зырлап өтіп, құдашам мектеп бітірді. Алматы шет тілдер институтына оқуға түсті. Ауыл-аймағы, туған-туысы мәз болып, ата-анасы шексіз қуанышқа бөленді. Содан не керек әркім өз күйбең тіршілігімен құдашаның оқу бітіретін мезгілі де жетіпті. Бірақ, құда мен құдағидың жүзі сынық. Байқаймын Анел жөнінде әңгіме қозғағанда төменшіктеп, кібіртіктеп әңгімені басқа жаққа бұрып жіберетін болды. «Алматыда жұмысқа қалған шығар» деп алғашқыда мән бермедік. «Пәленшенің қызы шетелге байға тиіпті» деген күбір-сыбыр өсек шыға бастады. Сөйтсек, құданың «қызымды үлде мен бүлдеге орап ұзатамын» деп жүрген – Анеліміз Францияның бір негіріне тиіп алыпты. Құда мен құдағидың ел-жұртқа қарар беті жоқ, қайғысын ішіне жұтып, осыдан он бес жыл бұрын бірінен соң бірі дүниеден өтті. Ол кезде біреуге біреудің қарайтын заманы ма еді. Бір үзім нан үшін бет-бетімізбен қаңғып кеткен кез еді…
Өткен жылы Алматыға бір туыстың тойына барғанымда баяғы Анелді кездестірдім. Кезінде құда-құдағиды табалағандай болмайық деп кімге, қайда тигенін сұрауға бата алмай анық-қанығын біле алмай қалған болатынбыз. Қазір қырыққа жақындаған салиқалы әйел. Ашық-жарқын менімен әңгімелесіп жатыр. – «Махаббатта шекара жоқ, махаббатта ұлт жоқ,» деген надандардың сөзіне еріп, бір топтан қазақтың үш қызы Франциядан келген үш негрге тиіп алдық. Ата-анамызға бақытсыздық әкелетінімізге миымыз жетпеді. Құда-құдағи боп құйрық-бауыр жеп, немере-шөбере сүйіп, той тойлап, мен – саған, сен -маған болып, киіт киіп, бір-біріне шапан жауып, арқа-жарқа болып сағынысып күтетін бақытты күндерінен айырған екенмін. Әке-шешем менен үлкен үміт күткен еді. Әсіресе, әкем «осы қыз, менің атымды шығарады» деп еркелетіп, жүзі бал-бұл жанып отыратыны есіме түскенде жүрегім қарсы айырылып көзімнен жас парлайды. Иә, атын шығардым әкемнің – тек ағайын-туыс, жұртқа таба қылып. Қайран әкем, менің кесірімнен қан жұтып, қайғысы ішін жеп ерте кетті. Әйтпесе қайтыс болатындай қартайған жоқ-қой – деп жылап жіберді. Жұбата алмаймын да. Сонымен оқу біткен соң үшеуі де үш негрмен Францияда екі жылдай тұрып, соңынан негрлердің туған отаны Гвинея-Бисауға көшіпті. Анелдердің шыққан күйеулері Гвинея-Бисаудағы бір тайпаның өкілдері екен. Олардың салты бойынша баласы екінші рет үйленгісі келіп, жастау қыз алатын болса, әйелін өз әкесіне қатындыққа береді екен. Басқа әкелердің 2-3-тен жас қатындары бар екен. Сонымен жас қыз алатын болып, Анелді әкесіне сыйлапты. Анел бір түнде қашып үлгеріпті. Келгеніне бір жылға жуық болса да құжатсыз базарда жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр екен. – «Ана сорлы екі қызға не болғанын білмеймін». Келерге қаражаты жоқ. Ботадай боздап жылап қалған еді – деп күрсінді. Бұларға кешіріммен қарауға болмайды, сол керек, «Не ексең соны орасың» деген ып-ырас екен.

Тоғайбай Нұрмұратұлы
Астана қаласы

2 ПІКІРЛЕР

  1. Романтиканы ансаган талай сорлы шуйкебастар осылай сорлаган. Кейбири олип тынды. Ал кашып келип, казахка не орыска тиген бейбактар тек негр туады екен канша жыл отсе де. Мине нагыз адасушылар осылай кор болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз