Қазақстан ауаның ластануы жағынан әлем бойынша 9-шы орында
2017 ж. 27 ақпан
8124
0
Қазақстан ауасының ластануы жағынан Орталық Азияда алдыңғы орындардан көрінді. Бұл туралы туралы британдық The Eco Experts ұйымының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған ұйым сарапшылары қоршаған ортаның 5 факторын негізге ала отырып, 135 елден деректер жинақтады. Осы орайда жан басына шаққандағы энергияны тұтыну, отын жағудан көмірқышқыл газының (СО2) деңгейі, ауаның ластануы, ауаның ластануына байланысты өлім-жітім жағдайлары, жаңаратын энергия көздері бағытындағы мәселелер қамтылды»,- деп жазады ca-news.org.
Зерттеу нәтижесі бойынша Қырғызстан Орталық Азияда қоршаған ортадағы улағыш құрамдасы жағынан таза мемлекет болып танылды. Аталған көрсеткіш аясында екінші орыннан Тәжікстан көрінді. Ал Орталық Азияда ең токсинді мемлекеттер ретінде Қазақстан мен Түркменстан анықталды.
The Guardian мәліметінше, 2020 жылға қарай Қытай жаңаратын энергия көздеріне 292 млрд. фунт стерлинг инвестиция салуға ұмтылуда. Бұл тұрғыда ҚХР «жасыл» болашақ жолына белсенді қадамдар бастағаны көрініп отыр.
Сонымен қатар еуропалық елдер арасында Люксембург ең токсинді болып тіркелді. Бұл мемлекет көршілес елдерден келетін ластағыш құрамдастан қатты зардап шегуде, әсіресе бұған Германия мен Бельгия әсер етуде.
Сонымен, назарларыңызға әлемде токсиндік деңгейі жағынан алғашқы ондыққа еніп отырған елдерді ұсынамыз:
- Сауд Арабиясы;
- Кувейт;
- Қатар;
- Бахрейн;