Иран полициясы жыртық джинсы киген қыздарды аяусыз сабайды екен (ФОТО)

Иранда "әдет-ғұрып полициясы" 14 жастағы қыз баланы жыртық шалбар кигені үшін ұрып-соғып, қамауға алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы independent.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Иран полициясы жыртық шалбар киген қызды аяусыз ұрды (фото)"Олардың соққысынан әлі күнге дейін бет-жүзім қалпына келмеді. Ал қабырғамдағы ауырсынулар қайтар емес", - дейді зардап шегуші қыз.
The Independent басылымына сұхбат берген Захра есімді қыз бала достарымен туған күн тойлатып жатқанда полицейлер жетіп келгенін айтып берді. Жеткіншектің айтуынша, тәртіп сақшылары оларды соққыға жығып, күшпен көлігіне отырғызған.
Иран полициясы жыртық шалбар киген қызды аяусыз ұрды (фото)"Олар бізді жыртық шалбар кигеніміз үшін соққыға жықты. Одан өзге бізді қамайтындай еш себеп болмады", - дейді жеткіншек.
Иран полициясы жыртық шалбар киген қызды аяусыз ұрды (фото)Захра мен оның достары ендігі жыртық шалбар кимейміз деген қолхат жазып бергеннен кейін ғана бостандыққа шыққан. Елдегі әйелдер бұл жайтқа қатысты еш таңданбайтындарын айтып, кезінде тек көңілді кеште жігіттермен билегені үшін соққыға жығылғандарын есіне алды.