Көксай аңғарындағы қар көшкінінің салдарынан 7 адам қаза тапты
2017 ж. 17 ақпан
3479
0

Жамбыл облысындағы Көксай аңғарында жүрген қар көшкінінің салдарынан 7 адам қаза тауып, он әскери құтқарылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
"Дәл қазіргі жағдайда құтқару-іздестіру шаралары кезінде 7 адамның мүрдесі табылып, 10 сарбаз құтқарылды", — деді ол.
Арнайы іс-шаралар жалғасып жатыр.