Депутаттар Қазақстан мафиясы туралы шындықты жайып салды
2017 ж. 16 ақпан
2854
0
Қазақстанда дәрі-дәрмек нарығында ғана емес, азық-түлік саудасында да өзіндік мафия бар екен деп хабарлайды 31 арна.
"Бізде нан дәмсіз. Өзге елдердің наны тіл үйіреді. Неге?", - деп сауал тастады парламент сенатының депутаты Ләззат Қиынов.
Бұл сауалға ауыл шаруашылық министрінің бірінші орынбасары бірден жауап бере қоймады. Бағынышты мекемелердің мамандары дер кезінде көмекке келді.
"500 теңге тұратын нан дәмді. Бұл - француз наны. Ал бізде нан 60-80 теңге тұрады", - дейді "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаев.
Депутаттар Қазақстанда нан пісіруде пайдаланылып жүрген ашытқылардың да адам денсаулығына зиянды екенін алға тартты. Вице-министр бұл жөнінде бірінші рет естіп отырмын деп ағынан жарылды. Айтылған мәселелер бойынша анық-қанығын білемін деген Қайрат Айтуғанов 500 теңгелік нанның қайда сатылатынан да бейхабар екен.
Өнімді белгіленген бағамен сатуға мәжбүрлейтін топ бар
Бұдан бөлек, азық-түлік нарығындағы баға мәселесі де талқыланды. Ет және көкөніс сатушылардың түйткілін шешуге депутаттардың да тісі батпай отыр екен. Сенаторлар, бұл жерде өнімді белгіленген бағамен сатуға мәжбүрлейтін топ бар дейді.
- Біз тырысып көрдік. Өздерінің жергілікті мафиясы бар.
- Иә
- Жергілікті ғана емес...
- Келісеміз.
Мұндай ымыраласқан топтан құтылу үшін арадағы делдалдарды құрту керек деген ұсыныс айтылды. Сенаторлар оператор ретінде бекітілгендер олардың орнын баспасын деген алаңдаушылықтарын да жасырмады.