Қазақ сериалдарының жұлдызы адам өлтіргені үшін 11 жылға сотталып кетті
2017 ж. 09 ақпан
3390
0
"Айман Шолпан" және "Өгей жүрек" хикаяларында ойнаған актер Нұржан Тойлыбаев адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Актер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Айта кетейік, актер өзі түскен хикаяларда қарақшының рөлін сомдаған. Оның әйелі мен екі баласы бар.


