Немересін баққан әжеге ақша төленбек
2017 ж. 27 қаңтар
3984
4
Түркия үкіметі 2016 жылдың қазанында немерелерін бағып отырған әжелерге сыйақы төлеу туралы мәлімдеме жасаған болатын. Жоба ақпан айында Измир мен Бурсада басталмақ.
Baq.kz хабарлағандай, бастапқыда бағдарлама бойынша 1 000 отбасы қамтылады. Жарты жылдан кейін бұл көрсеткішті көбейтіп, 500 мың әжені қамту жоспарланып отыр.
Осылайша әжелер айына 400 түрік лирін (105 доллар) алып, қосымша табысқа кенелмек. Ал жас келіншектер балаларын енелеріне қалдырып, алаңсыз жұмысына шығады.