Жергілікті жұрт жетекшіге ризалық білдірді

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ақмола облысының Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жиналғандарға Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының, оның Парламенттегі депутаттық фракциясының жұмыстарының негізгі бағыттары, әсіресе, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жемқорлықпен күрес туралы және жоғары заң шығару органындағы кейінгі кезде қабылданған заңнамалар жөнінде ақпарат беріп, негізінен жұртшылықтың ой-пікірлерін тыңдап, сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін білдірді. Депутаттың ашық әңгімеге шақыруы әсер етті ме, кездесуге қатысқандар белсенділік танытып, жергілікті жердегі қордаланған өзекті мәселелерді өткір көтерді. Мәселен, Сәбит Қалдарбеков, Ахай Тошков және тағы басқа да азаматтар Қояндыдағы мектептің оқушылар үшін жеткіліксіздігін, мектептің 900 орындық екенін, ал онда қазіргі таңда 2000 оқушы оқитынын, сондықтан, ауылға тағы бір мектеп салу мәселесін шешу керектігін айтты. Көптеген тұрғындар ауылдың кейбір көшелеріне жарық тартылмағаны, бұл мәселенің көптен бері айтылып келе жатқанына қарамастан әлі күнге дейін шешімін таппай отырғаны туралы қынжы­лыс­тарын білдірді. Ал, «Жайлау 7» шаруа қожа­лығының басшысы Берікхан Узбеканов өз шаруашылығын кеңейту үшін жер телімі керектігін айтып, осы мәселе бойынша көмек көрсетуді сұрады. Хавдии Жагслаг ауылдан қалаға қатынайтын 38-ші автобустың бағыттан алынып тасталғаннан бері екі ортаға қатынаудың қиындап кеткенін, ал қазіргі жүріп тұрған 307-ші автобустың Астана қаласының шетіндегі базарға ғана жеткізетінін, сол себепті бұрынғы автобусты рейске қайта шығарса деген өтінішін білдірді. Мақсұт Бақытхан бірнеше ай бойы жеке басын растайтын құжат ала алмай, сол себепті жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтып көмек сұрады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары басқа да өзде­рінің толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ ел, қарапайым халық мүддесі үшін белсенді істер атқарып жатқан «Ақ жол» партиясының депутаттарына, партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевқа риза­шы­лықтарын білдіріп, алғыс айтты. Азат Перуашев өз кезе­гінде кездесуде көтерілген мә­селелерді шешуге атсалысып, тиісті мекемелерге сұрау салатынын жеткізді. Депутаттардың Қазақстан өңірлеріндегі жұмыс сапарлары жалғасуда. "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz