Талғат Ермегияевтің ұлы Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысты (фото)

Қаржы жымқырды деп сотталып кеткен "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің ұлы Қазыбек Ермегияев АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Талғат Ермегияевтің ұлы Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысты (фото)

Шеруде жүріп өткен суретін Ермегияевтің ұлы өзінің желідегі парақшасында жария етті. Сонымен қатар бұл туралы қазақстандық тележүргізуші Айгүл Мүкей де желідегі парақшасында жазды.

«Кеше АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміндегі салтанатты шеруге Қазақстан азаматы, өзінің отбасы мен еліміздің беткеұстар ұлы Қазыбек Ермегияев те қатысты. Қазыбек АҚШ-тағы әскери оқу орнының студенті. Ол нағыз қазақ жігіті сияқты барлық уақытын ат үстінде өткізеді", - деп жазды Мүкей.

Тележүргізуші Қазыбектің осы шеруге қатысқан жалғыз қазақ екенін атап өтті.

Қазыбек әскери академияға осыдан үш жыл бұрын түскен деп жазады Newtimes.kz.

Кейін ол 15 адамнан тұратын Color Guard деп аталатын элиталық кадет тобының құрамына кіреді. Сонымен бірге ол спораттағы жетістігі үшін 120 жылдық тарихы бар элиталық кадет жасағына қабылданған.

Ол сонымен қатар вице-президент Майкл Пенстің салтанатты кештерінің бірінде АҚШ пен Индиана штатының туын күзеткен төрт кадеттің бірі.