Бала сату балалап тұр...

OLYMPUS DIGITAL CAMERAПерзентхананың директоры мен басқа да қызметкерлері бала сатты деген айыппен айыпқа тартылуда. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қуанышбек Жұманов хабарлады. «Жақында Жамбыл облысының бір перзентханасында бала сату саудасымен айналысу жөнінде хабар жеткізілген. Ұзақ зерттеу мен тергеудің нәтижесінде қылмыскерлер құрықталды» деп хабарлайды Қуанышбек Жұманов. Ол берген ақпарат бойынша Тараздағы перзентхана ғимаратының жанында нәресте құнын 6 мың АҚШ долларға сату кезінде құрықтағанын айтады. Басты қылмыскерлер перзентхананың бас директоры мен педиатр-дәрігер екені анықталды.