Пәтер ұрлығы үдей бастады

Осыдан біраз уақыт бұрын Ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысында ведомоство басшысы Серік Баймағамбетов елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендегенімен, есесіне ұрлық, тонау азаймай тұрғанын айтқан еді. Мәселен, тонау 22 пайызға, ал пәтер ұрлығы 39,7 пайызға көбейген. Қазір көктем келе жатыр. Құқық қорғау­шылардың айтуынша, әсіресе көктем мен жаз айларында пәтер то­наушылардың нағыз жұмысының «қызатын» кезі екен. «Өзіңе өзіңе сақ бол, көршіңді ұры деме» дегенді қазақ осындайға қаратып айтса керек...