Пәтер ұрлығы үдей бастады
2011 ж. 29 наурыз
1566
0
Осыдан біраз уақыт бұрын Ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысында ведомоство басшысы Серік Баймағамбетов елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендегенімен, есесіне ұрлық, тонау азаймай тұрғанын айтқан еді. Мәселен, тонау 22 пайызға, ал пәтер ұрлығы 39,7 пайызға көбейген. Қазір көктем келе жатыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әсіресе көктем мен жаз айларында пәтер тонаушылардың нағыз жұмысының «қызатын» кезі екен. «Өзіңе өзіңе сақ бол, көршіңді ұры деме» дегенді қазақ осындайға қаратып айтса керек...