ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНДА ЖЕР СІЛКІНДІ

Рихтер көрсеткіші бойынша 4 баллдық жер сілкінісі Қырғызстан мен шекаралас аудандарымызда 24-наурызда, Астана уақыты бойынша түнгі сағат 02.19 уақытта орын алған. Нақты мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Бішкек қаласынан 33 шақырым жерде және Қант қаласынан 15 шақырым жерде деп көрсетілген. Қырғызстанның ғылым академиясының сейсмология институтының хабарлауынша бұл апатта ешқандай өлім-жітім болмағанын хабарлайды.