Ата-аналарға дабыл

Құрметті ата-аналар, өкінішке орай биылғы жылы ҚР Қылмыстық Кодексінің 259 бабымен сотталып, нашақорлықпен айналысқаны үшін істі болған азаматтар мен азаматшалардың саны көптеп өсіп отыр. Соған орай отбасыларыңызда жасөспірім балаларыңыздың тәрбиесіне өте мұқият болуларыңызды сұраймыз. Келер болашақтың иелерінің тағдыры қараңғылыққа қамалып, терең тұңғиыққа батудың аз-ақ алдында тұр. Елдіктің, білімділіктің, зор болашақтың негізі болатын салалы да салауатты өмір салтын берік, бекем ұстағанымыз дұрыс болар еді. Өз тарпымыздан біз де үлесімізді қосудамыз, бастары істі болып, кепілді айып салынып тәрбиелік жұмыстар мерзімі бекітілгеннен кейін бізде бақылауда болатын жастармен жүргізілетін жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол әр азаматпен жекелеме жұмыс істеу, бірнеше жылдар бойы жинақталған машықтар мен жоғары біліктілік арқасында тәрбиедегі жүрген азматтармен өткізілген сұхбаттар адамды оңды мінездер мен жақсы қадамдарға бой бұрғызады. Сондықтан көптеген жандардың өмірге деген көзқарасын өзгерте отырып отанға деген сүйіспеншілігін көбейту біздің алға қойған мақсатымыз. «Тәрбиеге бағынған ел құл болмайды» деп Бауыржан атамыз айтпақшы ес жияр елеулі істер тындырар күнге қол созайық ағайын. Ұрпағым ұлағатты болсын десеңіздер, оларды қылмысқа шатылудан аман сақтаңыздар, ата-аналар!

 

Омаргалиев Руслан Бекенович Алматы қаласының Әуезов аудандық қылмыстық атқару инспекциясынан