Атырау әкімдігі екі жыл бұрын қайтыс болып кеткен азаматқа жер берген
2017 ж. 14 қаңтар
2449
1
Атырау қаласында қайтыс болған адамдарға да жер телімдері берілген деп хабарлайды "Хабар 24". Қалалық прокуратура жер телімі үлестірілген азаматтардың жеке басына талдау жүргізді. Тексеріс кезінде екі жыл бұрын бақилық болған азаматқа да жер берілгені анықталды.
Құжат қабылдаған мамандар бұны біле тұра, арнайы құжат рәсімдеп қасақана қылмысқа барған. Заң бұзушылыққа жол берген тұлғалар жауапқа тартылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қазір прокуратура Атырау қаласы бойынша жерді заңсыз беруге қатысты жіті тексеру жүргізіп жатыр.
"Қалалық әкімдіктің лауазымды тұлғалары аталған мән-жайға назар аудармай 2013 жылы қайтыс болған азаматың атына 2015 жылдың ақпан айындағы қаулымен жер учаскесін табыстауға жол берген.
Аталған заң бұзушылық фактысы бойынша қала әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде жер учаскесін мемлекет қорына қайтару шаралары алынды", - дейді қалалық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры Ерлан Кәкиев.