Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты
2017 ж. 11 қаңтар
2193
0
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
Зауыт басшысы Бақытжан Мұсанов депутатты зауыт жұмысымен таныстырып, бұл зауыт 4 цехтан тұратынын және осында 150 адам жұмыс жасайтын айта кетті.
Одан әрі депутат Е. Барлыбаев зауыттың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында мекеме жұмысшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында депутат «Ақ жол» партиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау екендігіне тоқталды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.