Қуандық Бишімбаев ұсталды
2017 ж. 10 қаңтар
3817
2
ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады.
"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлады Антикоррупция қызметінің өкілдері.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 2017 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.