ІІМ: 7 қаңтардан бастап пәтерлерді жаппай тексермейміз
2017 ж. 06 қаңтар
2545
1
Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында уақытша тіркеуге тұру туралы толығырақ түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көп жағдайда өздері тіркелгісі келсе де, үй иелері рұқсат бермегендіктен, жалға алушылар емделу, білім алу секілді мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмай қиналатынын министрдің орынбасары байқаған.
"Жедел алдын алу іс-шаралары кезінде уақытша тіркелмеген "арам пиғылды" тұрғындарды құрықтаймыз", - деп түсіндірді Рашид Жақыпов.
"7 қаңтар күні заң күшіне енген сәттен бастап әр үйді тексереміз демейміз. Оның қажеті де жоқ. Бізде көші-қон қауіпсіздігін бақылауға күш те, қаржы да, мүмкіндік те жеткілікті", - деп
Сондай-ақ, ол бірден айыппұл салынбайтынын, алдымен ескерту берілетінін айтты. Кейін ескерту алған азамат немесе азаматшаға уақытша тіркеуге тұру үшін бір ай уақыт беріледі екен.