"Серік Ахметов ісі" бойынша сотталған үш адам жаңа жылды үйлерінде қарсы алады
2016 ж. 27 желтоқсан
1803
2
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің қылмыстық ісіне қатысып, 2015 жылы 10 желтоқсанда сотталған үш адамның өтелмеген жаза мерзімі бостандық және ақшалай айыппұлмен алмастырылды.
Абай аудандық сотының қаулысымен 2016 жылы желтоқсанда сотталғандар – Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин, "Металлургия-металл өңдеу" өнеркәсіп паркі директорының бұрынғы орынбасары Оразалы Айменбетов және "Металлургия-металл өңдеу" өнеркәсіп паркі директорының бұрынғы орынбасары Анатолий Ессенің өтелмеген жаза мерзімдері алмастырылды.
"Көрсетілген қаулы бойынша, өтелмеген жаза мерзімін жеңілдеу жазаға алмастыру туралы өтініш қанағаттандырылды. Сотталған Телғариннің өтелмеген жаза мерзімі 161 АЕК көлеміндегі айыппұлмен алмастырылды, Анатолий Ессенің – 256 АЕК көлеміндегі айыппұлмен, сотталған Айменбетовтің – айыппұл – 87 АЕК", — деп хабарлады Марзалинова.
Судьяның айтуынша, сотталғандардың жаза мерзімінің ауыстырылуы "Рақымшылық туралы заңға" қатысты емес. Сот қаулысы заңды күшіне енді.