Ішінде 83 жолаушысы бар ресейлік ұшақ Қара теңізге құлады
2016 ж. 25 желтоқсан
4163
3
Бүгін таңертең Ресейдің Сочи қаласындағы аэродромнан Мәскеу уақытымен сағат 05.20-да ұшып шыққан Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.
Ал сол арада Ресей Қорғаныс министрлігі Ту-154 әскери ұшағының Қара теңізде апатқа ұшырағанын растады.
Қара теңіз жағалауынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақ қирандылары, ал 5,5 шақырым қашықтықта жолаушылардың жеке заттары табылды.
Айта кетейік, ұшақ бортында «Бірінші арна» және «Звезда» арналарының тілшілері болған. Жалпы бортта 91 адам болған, оның 83-і – жолаушы, 8-і – экипаж мүшесі.
Қазір іздеу операциясы жалғасып жатыр. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін ұшақ Краснодар өлкесінің таулы аймақтарына құлауы мүмкін деген хабар тараған еді.
Ұшақ 20 минуттан соң радардан жоғалып кеткен деп хабарлайды Азаттық.
ТАСС агенттігінің аймақтық төтенше қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирияның Латакия қаласына ұшып шыққан ұшақ Қара теңіз аймағында хабарасыз кеткен.