Қазақстанға Таяу шығыс пен Африкадан босқындар ағылуы мүмкін
2016 ж. 24 желтоқсан
5113
21
БҰҰ жаңа бас хатшысы Антониу Гутерриш босқындарды әлем бойынша бірдей бөлуді ұсынды деп хабарлайды Kazakh_inform.
«Ливан, Түркия және Иордания секілді мемлекеттер босқындардың көптеп келуіне байланысты оларға қысым көбейіп кетті. Біз аталмыш елдерге бұрыңғыдан да көбірек көмек көрсетуіміз керек. Сондықтан әлем бойынша босқындарды орналастырып оның ауқымды, іске асатын жүйесін жасап шығаруымыз керек» деді бас хатшы.
Португалияның бұрыңғы премьер-министрі Антониу Гутерришті 13 қазанда БҰҰ Бас хатшысы етіп тағайындағанын естеріңізге саламыз.
14 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришті жаңа лауазымымен құттықтаған болатын. Гуттериш 2005 жылдан бастап БҰҰ босқындар мәселесімен айналысқан.