Тыңдармандар Роза Рымбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратқан

ВКонтакте желісінде тыңдармандары халықтың сүйікті әншісі Роза Рымбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

«Роза Рымбаева жол апатында қайтыс болды», – деп жазды Vk.com қолданушысы Сейітжан Өмірзақ.

Мұндай қайғылы хабарламаны әншінің басқа жанкүйерлері де өз парақшаларында бөлісті.

Ал, халық әртісі Роза Қуанышқызы дін аман. Бірақ, мұндай орынсыз қалжыңды жауапсыз қалдырмаймын деп отыр.

«Демек, мен ұзақ өмір сүремін (күледі). Алайда, мұндай қауесет таратқан адамның есі дұрыс емес және қалжыңдасуды білмейді екен. Енді соттасамыз», – деді Роза Рымбаева.

Дәл қазір әнші Астанада, кейін Атырауға концертке барады. Ал, ертең Алматыда болады.