Айфоны жарылған ақтөбелік бойжеткен денесіндегі қорқынышты күйіктерді көрсетті (фото 18+)
2016 ж. 22 желтоқсан
2753
0
Ақтөбе тұрғыны айфоны жарылып, қатты күйіп қалғанынан кейінгі жағдайын көрсетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Диапазонға" сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен оянып кетпегенде, өліп кетуім мүмкін еді", - дейді ол.
Ардақ Орынбасарова тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқан.
"Өрт болған күннен бастап ұйықтай алмаймын. Ауырсынғаны ұйқы бермейді, оның үстіне жарықты сөндірсе, өрт көз алдыма келеді. Сөйлеу қиын, түтінге әбден шашалдым", - дейді Ардақ.
Бойжеткен айфонын қауттағышқа қосқан. Төсектің қасына қойып, ұйқыға кеткен Ардақ, түнгі үште біреу итергендей болып, оянып кетеді. Көзін ашса, жарты төсегі өртке оранған. Бойжеткен көмекке шақыруға тырысқанымен, дауысы шықпай қалған. Себебі, түтінге әбден шашалыпты.
"Бірінші қабаттан әкем жүгіріп жетті. Алайда жабылып қалған есікті бірден аша алмады. Мені бірден далаға алып шықты. Полицейлерді өзім шақырдым. Бөлмем, айфоным, төсегім, тоным, ноутбугім жанып кетті. Әлі есімді жия алар емеспін. «Айфон 5S» телефонын 2015 жылдың сәуірінде қымбат салоннан сатып алған болатынмын. 60 мыңын үш айда жинап, қалған 60 мыңды несиеге алған едім", - деп есіне алды бойжеткен.
Дәрігерлер Ардақтың денесінің 30% пайызы күйгенін айтуда.