Познермен болған жалған сұхбаттан соң "Еуразия бірінші" арнасының бас редакторы қызметінен кетті (ВИДЕО)
2016 ж. 20 желтоқсан
4537
15
Ресей журналисі Владимир Познермен болған жалған сұхбаттан соң "Еуразия бірінші" арнасының журналисі бас редактордың қызметінен кетуге өз еркімен өтініш жазды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетсек, бұл жағдай сенбі күні эфирге шыққан "Первая программа" бағдарламасына қатысты әлеуметтік желілерде "Познердің сұхбаты" тақырыбы бойынша үлкен дау тудырғаннан кейін орын алған. Желі қолданушылары арасында тарап кеткен видеода ресейлік тележүргізуші өзінің әріптесі Аймира Шаукентаева Владимир Познермен сұхбаттасып жатқандай көрсеткен.
Телеарна өкілдерінің мәлімдеуінше бұл бағдарлама тек әзіл үшін көрермендерге көрсетілген. Алайда, желі қолданушылары бұл әзілді түсінбеген немесе түсінбегендей сыңай танытқан.