ШИПАГЕР… ТӨСЕК

1
2190

Қазақстанда 3 жылдан бері оңтүстіккореялық «Серагем Мастер» атаулы көпқызметті кереует-массажер сатылуда. Емшілік жағынан теңдесі жоқ бұл төсектің – оны төсек ретінде пайдалансаңыз тіпті жақсы! – сатылуы да қызық. Төсекті жасап шығарғандар оның емдік қасиетіне елдің көзін көбірек жеткізу үшін, сол арқылы сатылуын күшейту үшін көрсетілім салондарында массажердің тегін емдік сеанстарын ұйымдастырған. Сіз шипагер-төсекте 40 минут жатып ем ала аласыз.

«Серагем» қалай емдейді? Төрт-бес ем қатар жүреді – денені жылыту, массаж, мануалдық терапия, нүктелерге әсер ететін рефлекстік терапия. Одан бөлек ұзынтолқынды инфрақызыл сәулемен емдеу. Адам ағзасына осыншама ем түрін бір мезетте беруінің арқасында төсек-массажердің шипалық қасиеті еселеп артады. Оның оң әсер етпейтін ауруы жоқ. Бүгінгі күні жұрт ең көп зардап шегетін аурулардан айықтыру деңгейі 83-85 пайыздан кем емес. Бұл – өте жоғары көрсеткіш! Және ең бастысы «Серагем Мастер» емдегенде ешқандай сізге дәрі-дәрмек ішкізбейді, тамырыңызға укол жібермейді, науқас адамға ешқандай жаман жанама әсері жоқ. Яғни, Массажер сізге тек пайда тигізеді.
Қалайша? «Серагем Мастер» сіздің ең алдымен омырқаңызға әсер ету арқылы бүкіл ағзаңызды тазалайды. Өйткені, адам тәнін ұстап тұратын ұстын – омыртқа әсер етпейтін орган жоқ. Қысылып қалған жүйке талшықтарының орнына келуінің, қозғалып кеткен омырт­қаның түзуленуінің өзі талай ауруды жұлып алатын дәрігер рөлін ойнайды.
Сіз Серагемнің емін ала бастаған кезіңізде ауырмайтын жеріңіз де ауырып кетеді. Шошымаңыз! Халқымыз бұны «ескі аурудың қозуы» деп дәл айтқан. Мысалы, қымыз ішпейтін адам үзбей қымыз іше бастаса бұрын өзі білмей келген талай ауруын «тауып алары» ақиқат. Сондықтан қазақ «қымыз қырық жылғы ауруды қоздырады» дейді. Қоздыру арқылы ішке әбден сіңіп алған, білінбей, көрінбей отырған ауруларды сыртқа қуып шығарады. Аурудың сыртқа шыққысы келе ме? Шыққысы келмейді! Аурудың сыртқа шығуы, оның өлуі деген сөз ғой. Ал, кім оңайлықпен жанын бергісі келеді дейсіз? Осыдан барып орысша «обострение», қазақша «асқыну» басталады. «Серагемге» келіп жүргендер «ауруың қоза бастаса, асқына бастаса – қуан!» дейді. Бұл қозу мен асқыну бір-екі апта уақыт алады. Және ол біреуде ертелеу, біреуде кештеу басталады. Бұл – кімнің ауруы ескірек, көбірек, күштірек, соған байланысты.
Әр сеанстың алдында салонның қыз-жігіттері келушілерді сөйлетеді, олардың ертегіге ұқсас әңгімесінің өзгелерге әсері өте зор болады, оларда осылай бірте-бірте ауруының бәрінен болмаса да (мүмкін, бәрінен де) көбінен арылады екенмін деген сенім пайда болады.
Мен де өз басымнан өткенді айтайын. Ең біріншіден, елу жылғы ескі серігім – «шайқұмарлықтан» құтылдым. Таңертең шай іше алмай шықсаң түске таяу «тірі өлікке» айналатыныңды басынан өткендер ғана біледі… Екіншіден, 4-5 жылдан бері жанымды қинап жүрген гипертония да артқа шегініп қалды. Асқазанның жарасы бар еді, ол да жазылып қалған сыңайлы. Бұл – үш айдың ішінде ғана қол жеткен нәтиже.
Мені бұл мақаланы жазуға итермелеген басты себеп – аталған массажердің ең алдымен қазаққа керектігі. Неге? Себебі, біз жалқаумыз, уақтылы көрінуге, емделуге ерінеміз. 1989 жылы іссапардан гриппен қатты ауырып келіп, дүйсенбі күні емханадағы дәрігерге барып: «мені үш күнде аяғымнан тік тұрғызып беріңізші, сәрсенбі күні Тюменьге ұшуым керек еді» дегенімде қазақтың әдемі қызы көзімен атып жібере жаздап қарап: «Бізге еврейлер «мен үш күннен кейін ауыратын шығармын..» деп келеді; орыстар «ауырғаныма үш күн болды» деп келеді; ал қазақ өлуіне үш күн қалғанда келеді! Қандай іссапар?! Қайдағы Тюмень?! Мынау дәрілерді, уколдарды алып тыпыр етпей жатып емделмесеңіз маған өлдім деп өкпелемеңіз!» деді де бірден 10 күнге «больничный лист» жазып берген болатын. Ендеше, «Серагем Мастер» нағыз қазаққа керек дүние. Және бұл салондағы (Шымкент қ., Т.Рысқұлов пен Ж.Адырбеков көшелерінің бұрышы, тел.52-30-84) қыздар сізді қалай қуанып, күліп қарсы алады десеңізші! Өз үйіңіздегіден артық болмаса кем емес. Сіз солардың ыстық ықылас, адал ниетімен-ақ жарты ауруыңыздан жазылып қаласыз! Мен салонның қожайыны Светлана Григорьевна Лим ханымның атынан «Серагем әні» деген өлең шығарып едім, сондай мынадай жолдар бар: «Кәрісім Серагемді ойлап тауып, Қазағым, Құдай саған қарасып тұр!» Сатып алуға шамаңыз келмесе, тегін ғой, тезірек барып емделіңіз.
Өмірзақ АҚЖІГІТ

P.S. Мен мақаланы «бізге жарнама керек емес!» деген Лим ханымнан жалынғандай боп рұқсат cұрап жазып отырмын. Д.Қонаев атамыз Мәскеуде тұрған зейнеткер Нұртас Оңдасыновтан (1938-1952 жылдары ҚазССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Димекең сол кісінің 9 жыл орынбасары болған) бірде жолыққанда: «Мені Риддерден Алматыға әкеліп бірден Төраға орынбасары етіп қойған Скворцов (ҚКП 1-хатшысы) екен десем Сіз екенсіз ғой, жақында біліппін, қалай айтпағансыз?» деп сұрапты. Сонда Нұрекең: «Е, мен әкелсем сен үшін әкелді дейсің бе, қазақ үшін әкелдім ғой!» деген екен. Біздікі де, қазақ үшін деген ниет қой…

1 Пікір

  1. Cіздің мақалаңызды оқып ұнатып отырмын. осы күнге дейін серагем жайлы қазақша еш нәрсе таба алмай жүргенмін. Өзім серагемге жақында бара бастаған болатынмын. кешеден бері сонда жұмысқа кірдім. қазақша презентация жүргізуге сіздің мақалаңыздан керек мәлімет алатын болдым. рахмет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз