Жүрсін Ерман ауруханаға түсіп қалды
2016 ж. 11 желтоқсан
2863
0
Ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы ақынның өзі Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды NUR.KZ.
"Ауруxанада жатырмын. Бітеліп қалған қан тамырларыма ота жасамақшы. Осыдан аман шықсам, бір жоспарым бар: Алтын домбыра туралы әртүрлі әңгіме айтылды ғой. Анығы Аллаға аян. Болатбек пен Мұxтардың арасында уақыты шектеусіз жекпе-жек айтыс өткізгім келеді. Тікелей эфирде", - деген ақын төрелікті xалықтың өзі жасасын деген ұсынысын айтады.
"Көрсетілімді қай телеарна мойнына ала алады? Демеуші болғысы келетіндер бар ма? Төрелікті xалық жасаса қайтер еді? Қандай жолмен? Ақыл қосыңдар. Пікір айтыңдар. Сырттан сынай беру оңай ғой. Ішінде болыңдар. Ұлт өнеріне шын жанашыр болсаңдар, соңынан жұдырық білеп әркімді ғайбаттағанша, қазір көмекке келіңдер. Жобаны жүзеге асыру үшін мен өліп қалмауым керек, дұғаларыңа қоса жүріңіздерші", - дейді ол.
Еске сала кетсек, желтоқсанның 3-4-і күндері Алматыдағы Республика сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған атты айтыс өтті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Алтын домбыраны Мұхтар Ниязов иеленген.
Алайда айтысты тамашалаған халық әділ қазылардың бұл шешімімен келіспей, наразылық білдірген болатын.