Белсенді блогер Қыдырәлі мен Қарақатты "Тоқал" фильмін көруге шақырды
2016 ж. 09 желтоқсан
4826
1
Фильмде тоқалды сомдаған қазақтың қызы тырдай жалаңаш шешініп қос анарын көрсетіп, төсекте жатқанын бүкіл əлемге паш етеді. Қыдырəлі мен Қарақат барып көрсін осы киноны! Билетін өзім алып беремін!
«Тоқал» фильмін сынға алған шымкенттік тұрғын әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановқа аталған туындыны көруге кеңес берді, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек аталған фильмді Қыдырәлі мен Қарақат көруі қажет деп есептейді. Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
«Қазақтың еркектерін ез, қазақтың əйелдерін жезөкше етіп көрсететін фильмді кім қаржыландырып отыр екен? Қай қазақтың бəйбішелері еркегім тоқал алды деп, жас жігіттермен қыдыруға шабатын еді? Ал бұл кино да солай екен жас жігіттерді шақырып бəйбішелер демалады. Ал тоқалды сомдаған қазақтың қызы тырдай жалаңаш шешініп қос анарын көрсетіп, төсекте жатқанын бүкіл əлемге паш етеді. Жалпы режиссер халыққа не айтқысы келді екен? Ата-бабамыздың, бəйбіше болған аналардың қадір-қасиетін жер қылу ма? Қыдырəлі мен Қарақат барып көрсін осы киноны! Билетін өзім алып беремін!» деп жазды блогер. Оның фильм туралы бұл пікірі өзгелердің де қолдауына ие болды.
Продюсердің сөзіне сенсек, жер дауы өршіп тұрғанда бұл мәлімдеме арқылы олар халықтың назарын өзге мәселеге бұруды жөн санаған.