"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды
2016 ж. 09 желтоқсан
2621
0
"ЭКСПО"-ны салу барысында 2 адам қайтыс болған. Тағы бірнешеуі әртүрлі жарақат алған. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданының прокурорлары мәлімдеп отыр деп хабарлайды 31 арна.

Айта кетерлігі, жуырда ғана халықаралық көрме аумағында салмағы 300 тоннаға жуық көпір құлаған болатын. Ол кезде абырой болғанда ешкім зардап шекпеген-ді.