ШҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

rynbasar

Бүгін өңір басшысы Д.Ахметов облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласы бойынша тағайындалған орынбасарын таныстырды. Аталған қызметке бұған дейін «ҚазАвтоЖол» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарған Серік Ақтанов тағайындалды.

Серік Қасымбекұлы Ақтанов 1960 жылы 1 тамызда туған. 1983 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын «Автокөлік жолдары» инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын Зайсан қаласы №553 жол пайдалану учаскесінің жол шебері болудан бастады.

1984 жылдан 1987 жылға дейін Өскемен жол-құрылыс институтының Алматы жалпы техникалық факультетінің «Автокөлік жолдары» кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші, ассистент болып жұмыс істеді.

1987 жылдан 1990 жылға дейін Мәскеу автокөлік-жол институтында оқып, одан кейін Өскемен жол-құрылыс институтының «Автокөлік жолдары, көпірлер мен тоннелдер» кафедрасының ассистенті болды.

1992-1999 жылдары жеке компанияларға жетекшілік жасады.

1999 жылдан 2014 жылға дейін «Қазақавтодор» РМК-да еңбек етіп, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы филиалдарына жетекшілік етті. Кәсіпорынның бас директорының орынбасары, бас директоры болды. Бүгінгі тағайындауға дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры болды.

Думан АНАШ, 

«Егемен Қазақстан»