Жоғарыдағы шенді-шекпенділер салафизмге "шаң жуытпайды" - дінтанушы

Қазақстанда салафиттер тұрмысы төмен адамдарды көзіне де ілмейді, олар тек дәулетті кәсіпкерлермен және саяси элитамен қоян-қолтық жұмыс істейді.

Заманауи салафизм — ел арасына жақсы таралатын өте тартымды идеялық вирус

Бұл идеяны таратушылар психологиялық ықпал етудің ондаған әдістерін игерген. Белгілі қазақстандық дін маманы, „Аңсар„ Қоғамдық қорының басшысы (Ақтөбе) Асқар Сабдин осылай ойлайды екен.

asar-sabdin-e1480069292368
Аскар Сабдин: «Бізге салафизм идеологиясының теологиялық негізін түсінген өте маңызды»

Салафизм идеясы несімен тартымды?

Асқар Сабдиннің пікірінше, такфиризм (салафизм) тұрмыс тауқыметін тартып, ысылмаған адамның  (әсіресе, жастардың) көңіліне көптеген алдамшы үміттер ұялатады.

— Ең алдымен, бұл — адамға өзінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беретін «ақиқатты дара иемдену», — дейді мәселенің мәнісін түсіндіре бастаған теолог. — Бұдан бөлек, дилетант-неофиттерге, яғни, осы ағымның жаңадан қосылған білімі үстірт, танымы таяз қолдаушыларына ғылыми атақтарды сыйға тартады (қарапайым сөзбен айтқанда, «дін маманының синдромы»). Сонымен қатар, жанжалтануды тиімді пайдаланады, сөйтіп, діни ілім жанжал, «экшн», атыс-шабыс, ережесіз жекпе-жек ретінде ұсынылады (Бұл, әлбетте, жастар үшін өте тартымды көрінеді).

Салафизм — жастарға өзін өзі танытуға, сәйкестендіруге қажетті, өзінің корпоративтік лексикасы, яғни, араласу мәнері, сырт келбеті мен міне-құлқы бар қосалқы мәдениет

Атап айтарлығы, мұның барлығы „исламды тазартуға„, бір Аллаға табынатындарды көп құдайға құлшылық етушілерге қарсы күреске, жаны таза, әділ бабаларымыздың «таза исламына» оралуына шақырған даңғаза ұран айтумен жүргізілуде. Сондықтан салафизмнің таралуына тосқауыл қоюдағы негізгі қиындықтар оның идеялық құндылықтарды бағалау бағдарына кіріп кеткен.

Ата-анадан бас тартуды бүгін, тіпті, депутаттар да қолдайды

Асқар Сабдин, міне, осы екі сөзбен Қазақстандағы салафизмнің зияны/пайдасы/бейтараптығы туралы жалғасып жатқан пікірталасты сипаттады.

— ҚР тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында

діндар мұсылмандардың ата-анасынан бас тартып, олармен бірге бір дастарқан басында отырғысы келмейтінін, басқа мұсылмандарды Аллаға сенбейді деп айыптауын, оларды Тозақ отымен қорқытуын, өз ата-бабасының салт-дәстүрінен, мәдениетінен, әдет-ғұрпынан бас тартып, қоғамға, тіпті, мемлекетке қарсы бас көтеруін көзге елестету мүмкін емес болатын.

Ал бүгін мұндай мінез көрсетуді, тіпті, жекелеген депутаттардың өздері қалыпты дүние санайды! — дейді ашуға булыққан ақтөбелік ғалым.

Асқар Сабдин сансыз симпозиумдар, конференциялар мен отырыстар „елегінен„ өткен нақты мәселелер өзінің мән-мағынасын жоғалтатынын мысалға келтірді. Мәселен, 2012 жылдан бері салафизм мәселесі бойынша 30-дан астам конференциялар өткізіліп, олар ешқандай нәтиже бермеген.

— Мен Астанадағы Ұлттық кіпапханада өткен халықаралық конференцияға қатыстым, — өткенді еске алған Асқар Сабдин. — Онда халықаралық қордың президенті салафиттермен дос болу қажет екеніне иландыруға тырысты. Алайда ол салафизмнің теологиялық негіздері туралы қойылған кез келген сұрақтан жалтарып отырды. Осы конференцияда мен салафизм вирусын мұсылмандық ортаға енгізу трендінің қаншалықты жаһандық сипат алғанына одан ары көз жеткіздім. Исламға күйе жағатын бұл жоба Ливияда, Сирияда, Иракта, Нигерияда, Еуропа елдерінде өз нәтижесін беруде.

Бұдан кейінгі кез келген келесі конфренция немесе кездесу міндетті түрде салафизм табиғатының қалыптылығы немесе радикалдығы жөніндегі пікірталасқа ұласып отырды.

Салафизмді ақтауға байланысты уәкілетті органның саясатын ашық сын тезіне алғандардың барлығы ақпарат айдынында қудалауға ұшырады

Салафиттік «сарапшылар» оларға шиттер, хабашиттер, сектанттар, сопылар, агенттер деген ат қойып, айдар тағып қана қоймай, тіпті, оларды қоғамдық тұрақтылықтың жаулары деп айыптады.

Салафиттерді жауапкершіліктен жалтартады

Асқар Сабдин нақты мысал ретінде маусым айында Ақтөбеде орын алған террористік актіні келтіреді.

— Мен төрт жылдан бері оңалту орталықтарының біріне жетекшілік жасап келемін, осы уақыт ішінде 500-ден астам радикалмен жеке әңгімелер жүргіздім. Атап айтарлығы,

Салафиттердің саяси сенімді бөлігі тұрмыстық әл-ауқаты төмен халықпен емес, шығармашылық, спорттық, саяси элитамен, бизнесмендермен, БАҚ-пен, шенеуніктермен жұмыс істейді

Міне, сондықтан әрбір терактіден кейін олар салафизм мәселесіне „шаң жуытпайды„.

Біріншіден, «сарапшылар» олар ешқандай салафит емес, хауариджилер, такфиристтер, игилдықтар және тағы басқалары деп, байбалам салады. Мен өзім 2014-2015 жылдары біздің аймақта орын алған белгілі оқиғалар кезінде сол топтың 12 лаңкесімен, ал 2016 жылғы 5-маусымдағы терактіден кейін тірідей қолға түскен сегіз лаңкестің алтауымен кездестім. Сондықтан келесіні мәлімдей аламын: олардың барлығы салафиттер. Айтпақшы, бұл турасында ҚР Қауіпсіздік кеңесінде президент Нұрссұлтан Назарбаев та нақты мәлімдеді.

ИГИЛ-ды жеңу неге қиын

— Әңгіме барысында мен лаңкестерден олардың нанымдарын сұрадым, — дейді сөзін жалғастырған «Аңсар» Қоғамдық қорының жетекшісі. — Міне, солардың барлығы Абдулваххабтың «Үш негізін» оқығандар. Сондай-ақ олар Дарын Мұбаровтың дәрісін тыңдаған. Олар салафизмнің иделогтары ибн Таймийді, ибн Базаны, ибн Усайминді, Албаниді және басқаларын пір тұтады. Бір Аллаға табынудың үш түрге бөлінетінін тәптіштеп айтты.

Тұтқынға алынғандардың барлығы намазды мазхабқа сәйкес оқиды және қайтыс болғандарға арналып оқылатын Құранды мойындамайды

Қысқасы, орташа статистикалық салафиттің келбеті осындай. Кейін Ақтөбеге астаналық мамандар жіберілді. Олардың барлығы қамауға алынғандардың салафиттік нанымда екенін растады.

Осы орайда, салафизм идеологиясының теологиялық негізін түсінген өте маңызды. Ал бізде бұл бағыттағы пікірталас бағдарын саясаттанушылар мен криминалистер қалыптастырған. Мәселені осылай қарастыру салдары кезінде ИГИЛ-дің пайда болуына әкеліп соқты. Американдықтардың «Буря в пустыне» деген операциясынан кейін Ирактың арнайы қызметі діни сенімдегі радикалдардың белсенділігінен шошыды, сол кезде мафияны ішінен ыдырату туралы шешім қабылданады. Алайда

қызметкерлердің агентуралық дағдылары діни идеологтардың тегеурініне қарсы тұр алмайды, сөйтіп, социалист-баасистер нағыз радикалдарға айналады

Қазіргі таңда бұл мәселе біздің қоғамымыз үшін де өте өзекті. Мен „БС„-терге (бұрынғы қызметкерлер) арналған көптеген түзету колонияларында боламын. Міне, сол колонияларда радикалды идеологияның шырмауына ілінген құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері бар.

Дереккөзі: 365info.kz